Әрбір қазақ отбасында ата – ана қашанда балаларына ізгі де өнегелі тәрбие беріп, жамандықтан аулақ болуды айтып отырады.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді.
Объяснение:
Материалдың толық нұсқасы
Сабақ: Қазақ әдебиеті
Мектеп: Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебі
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:Аманбаева А.А.
Сынып: 9
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Бұқар Қалқаманұлы «Ай,Абылай»
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
Бұқар өмірі мен шығармаларын туралы білімдерін жүйелейді; «Ай,Абылай»өлеңінің негізгі идеясын аша отырып,жырау қолданған сөз айшықтарына,өлең құрылысына талдау жасайды.
Сабақ мақсаттары/ бағалау критерии
Барлық оқушылар орындай алады:
Бұқар өмірі мен шығармаларын біледі,«Ай,Абылай»өлеңінің
мазмұнын біледі және кейіпкерге мінездеме бере алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
«Ай,Абылай»өлеңінің негізгі идеясын аша отырып,кейіпкер бейнесін ашуда өзіндік көзқарасын сыни тұрғыда жеткізеді.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Жырау қолданған сөз айшықтарына,өлең құрылысына талдау жасайды.
Бағалау критерийлері
1.«Ай,Абылай» өлеңінің мазмұнын біледі;
2. Шығарма желісі бойынша кейіпкер бейнесін ашады;
3. Шығармаға компазициялық талдау жасайды;
4. Жырау қолданған сөз айшықтарына,өлең құрылысына талдау жасайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады: Бұқар өмірі мен шығармаларын біледі,«Ай,Абылай»өлеңінің мазмұнын біледі және кейіпкерге мінездеме бере алады. «Ай,Абылай»өлеңінің негізгі идеясын аша отырып,жырау қолданған сөз айшықтарына,өлең құрылысына талдау жасайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Сюжет,эпитет,
теңеу,метафора,
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Қабырғалы би-ықпалды ,күшті би
Парық-1)бір нәрсенің екінші нәрседен айырмасы,ерекшелігі;2) бір нәрсенің қадір-қасиеті,мән-жайы,жай-жапсары;3)белгілі бір істің байыбы,пайымы;4)белгілі бір затқа тән баға,құн.
Парасаттылық-адамға тән байыптылық,байсалдылық.
Азғындық-теріс жолға түсіп,бұзылғандық.
Құндылықтар
Оқушыларды шыншылдыққа,адалдыққа тәрбиелеу .
Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы
АКТ-ны қолдану дағдылары:
Бейнежазба
Алдыңғы оқу:
Жыраулар поэзиясы, Жиембет жырау
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Дерек көздер
Басы
5 минут
Оқушылар«Қос шеңберге» тұрып бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді,осы әдіспен үй тапсырмасы сұралады және топқа бөлемін.
Үй тапсырмасы бойынша қойылатын сұрақтар.
-- Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүрген?
--Жиембет жыраудың толғауларының негізгі сарына не?
-- Жиембет жырау толғауынан үзіндіні жатқа оқу.
«Қос шеңбер»әдісі
Ортасы
5 минут
10 минут
10-минут
-- Бұқар жырау есімін атағанда не ойлайсың?
-- Оның ақындығынан басқа тағы қай қырынан танисың?
Ал ,балалар,біздің бүгінгі тақырыбымыз не екен?
1. Бұқар Қалқаманұлы «Ай,Абылай»
Бұқар жырау Қалқаманұлы –қазақтың ұлы жырауы, ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы,атақты Абылай ханның ақылшысы.Сөйлегенде көмейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгілетіндіктен, «көмекей әулие»атанған.
Кезінде арғын руының қабырғалы,беделді билерінің бірі болған;өмірінің біраз шағын хан сарайының-Абылайдың маңында өткізіп,ел басқару ісіне белсене қатысқан.Ол Абылайдың ақылшысы,қателігін түзеп отырар данасы,ел мен ханды қосқан дәнекері болған.Бұқар жырау мұраларының ішінде өз заманын ,сол кездегі кейбір тарихи шындықтарды бейнелейтін толғау-жырлар мен шешендік нақыл сөздері аз емес.
Объяснение:
Өткен ХХ ғасырдағы қазақ халқының ақыл-ой жетістігі Абай мұрасымен өлшенеді. Ол қазақтың «өз тізгіні өз қолынан кетіп», басыбайлылықтың қамытын біржола киіп, «әрекемен кеткен елдің», рухани күйрей бастаған мүшкіл халін «улы сия, ащы тілмен» ашына жазды. Қоғамдағы бар тауқыметті «алыстан сермеп, жүректен тербеп, тағына жетіп қайырды». «Іші толған у мен өрт» бола тұрса да үмітсіздікке, торығуға салынған жоқ, қайта «сыншыл реализм» шеңберін бұзып шығып, өр рухты оптимист ақынға, телегей теңіз мол білімді, ғұлама-данышпанға айналды. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» әр қияға көз салды, туған даласының даналығын әлемдік өркениеттің озық ойымен ұштастыра меңгеріп, өз «жүрегінің түбіне терең бойлады» содан тапқан «шын асылын», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысымен» халқына бере білді. Тәңірінің берген тума талантын, адамзат даналығымен нәрлендіріп «толық адам», хакім Абай болып қалыптасты. Қазақтың таусылмайтын шер-қайғысына, бойына қан жүгірткен жан жылуына, ақиқатына жүгінетін иман таразысы мен ар-ұятына, үнемі алға ұмтылдырып отыратын арман-мұратына, парасат биігіне көтерілді. Заманынан озып туып, ел-жұртының шешуі тарқатылмайтын «жұмбақ адамына» айналды. «Қалың елі, қазағы» сол жұмбақты шешу жолында дана ақын мұрасымен бір жарым ғасыр сырласып, мұңдасып келеді. Ол – жыл өткен сайын жаңа қырынан ашылып, биіктей түсетін ұлы дала өркениетінің алтын тұғыры іспеттес. Cондықтан ақыннан қалған асыл сөз оқыған сайын нұрланып, өзіне деген халық құмарын арттыра түседі. Біз Абайға қаншалықты құштарлана ден қойсақ, ұлттық рухымызды да соншалықты терең тани бастаймыз. Бүгінгі рухани жаңғырудың алтын өзегі де осы абайтануда екеніне көз жеткізе түскендейміз. Абайға біз әр кезеңде әртүрлі жолмен жанасып отырдық. Ал бүгінгі ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығы мен дара тұлғаның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында оралудың жөні бөлек.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/218668-uly-dala-orkenietininh-altyn-tughyry
© egemen.kz
Объяснение: