
вокальдық музыка — музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығармалар. ірі жанрлары — музыка-драмалық шығармалар, оратория, орта жанрлары — кантата, вокалды цикл, литургия, хор концерті, кіші жанрлары — вокалды миниатюра (ән, романс). кейде дауысы оркестрлік музыкаға үлесіп айтылады (мысалы, петр ильич чайковскийдің «щелкунчик»-те). вокалды музыканың жанрлары: ораториалды
камералы
оперетта
джаз
вокалдық музыкаға халық әндері, жырлары, классиктері мен қазіргі композиторларының ән-хорлары жатады. вокальдық музыка, негізінде, халық арасынан шыққан. бұған біржан-сал, мұхит, абай, ақан сері, жаяу мұсаның әндері кепіл[1].
рок-музыка (ағылш. rock — теңселу, сілкіну) — қазіргі замандағы поп-музыка саласы. рок-музыка негізін солтүстік американың халықтық фольклоры — рок-н-ролл және кантри құрайды. рок-музыка алғаш 1950 — 60 ж. ұлыбритания және ақш-та қалыптасқан. рок-музыканың танымал өкілдері — “битлз”, “роллинг стоунз”, “лед зеппелин”, “пинк флойд” сияқты музыкалық ансамбльдер. рок-музыканың негізгі белгілері: блюздік композициялық құрылымдар, қысқа ангемитондық ырғақ, дыбысты электрлік және электрондық аспаптармен күшейту арқылы әсерлілігін арттыру. рок-музыка жастар субмәдениетінің бір бөлігі болып саналған. оның ішкі өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне байланысты бірқатар ағымдар дараланады. мысалы, әлеуметтік-мәдени қозғалыстарға қатысты (“хиппи”, “панк рок”, т. жас ерекшелігіне байланысты (ересектерге, жасөспірімдерге арналған), екпін мен белсенділігіне (“ауыр рок”, “жеңіл рок”) және техникалық жабдықталуына қарай (“афро-рок”, “барокко-рок”, “джаз-рок”, т. көркем мәдениет жүйесіндегі орны бойынша (коммерциялық “поп-рок”, элитарлық “рок-авангард”), т.б. рок мәдениеті үшін музыканттардың жүріс-тұрысы, киім киісі, рок-шоуды безендіру, бейнеклиптерді шығару сияқты сыртқы көрініс факторлары маңызды рөл атқарады. тмд елдерінде рок-музыка 1965 — 80 ж. бірқатар әуесқой топтар құрылды. сондай-ақ кәсіпқой-сазгерлердің (а.г. шнитке, э.н. артемьев) назарына іліккен жанр элементтері кең стильдік контексте қолданылды. кейінгі жылдары рок-музыка батыс елдерінде тек өнер түрі ретінде қабылданады. [1]
Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.
2) Ресми іс - қағаздар үлгілерінің атаулары