5 жағдаят Сіз педиатрсыз. Сізге қабылдауға Айман мен Манат келді. Олардың екі баласы бар. Үлкені 1-сыныпта оқиды. Екіншісі балабақшаға барады. Балалары жиі ауырады. Үлкені Асланның тамағы ауыра береді, ал кішісі Мадина жөтеле береді. Олар қабылдауға келіп, сізден көмек сұрап келіп отыр. Дәрігер ретінде қандай кеңес берер едіңіз?
«Өнер» туралы мақал-мәтелдер:
Өнерлі өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
* * * * *
Өнерлі өрге жүзер.
* * * * *
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
* * * * *
Өнерліге өлім жоқ.
* * * * *
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөз алтын.
* * * * *
Өнерлі бала сүйкімді.
* * * * *
Өнер білсең-өлмейсің.
* * * * *
Өнерлінің өзегі толмас.
* * * * *
Өнер-таусылмас азық.
Жұтамас байлық .
* * * * *
Бай болмасаң бай болма
Өнер, білімге сай бол,
* * * * *
Өнерлі қол бақытқа жол.
* * * * *
Ілім-іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
* * * * *
Өнер таусылмас азық,
Сарқылмас байлық.
* * * * *
Өнерді үйрен
Үйренде жирен.
* * * * *
Өнер қанат
Білім санат.