Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Біз есеп, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен емтихан тапсырамыз және бір пәнді өзіміз таңдауымызға болады, мен географияны таңдадым. Есептен бақылау болады, қазақ тілі мен орыс тілінен диктант, Қазақстан тарихынан билеттер және географиядан тест болады. Мен емтиханнан қорықпаймын, бастысы жақсы дайындалу және емтиханды жақсы тапсыру, қалғандары артта қалды. Мен қазірден ақ партада отырып диктантты немесе бақылауды жазып отырғанымды елестетемін, сосын қатты қорқынышты болып кетеді, дәл ертең осы емтиханды тапсыратындай. Ештеңе етпейді қайталап үлгіремін, бәрін оқуға ерте. Бастысы дайындалу, қайталау.
Объяснение:
1 шісі дұрыс