Көркем әдебиеттегі көнерген сөздер:
1) Бір жігіт ұзын бойлы, шойын қара, Ерекше көзге түсті жеке дара.
Шоң желке, алақан көз, жырық ерін, Денесі алқам-салқам бір дағара. (Ж.Саин, "Күләнда").
Дағара – ебедейсіз, рабайсыз үлкен.
2) Алсай жиырма түтін.
Патшаның әскері түмен (Ш.Мұртаза, "Қызыл жебе").
Түмен – он мың.
3) Самарқант пен Бұқардан тоғыз керуенмен тасылған қырмызы қызыл кілем, дүрия, т о р қ а жібектен тысталған мамық жастық, түбіт көрпелермен безенген (I.Есенберлин, "Алмас").
Торқа – ең қымбат жібек мата.
Аю қысқа дайындалады, май жеп. Ол тапқанының барлығын жейді, ерекше балықты, жаңғақты, бірақ ол бұны ұйқыға кетерден бірнеше апта бұрын жасайды. Дәл ұйықтар алдында аю аз жейді: тамырлар мен сабақтарды ғана, асқазаны бос болып, қатты бекітілсін деп, аңдар асқа тәбеті азайып, тыныш демалу үшін. Ұйықтауға жатып, аю бақылаудағы тәртіпте қалады, ол терең ұйқыға кетпейді, тек қалғиды, қауіпті жағдайда жауын қарсы алу үшін. Кейде ол тұрағынан шығуы мүмкін, жағдайды тексеруге. Егер үйшігі қыстауға жарамаса- су тиіп, онда жануар қыс ортасында жаңа үй іздейді, ондай кезде ол өте қауіпті, бұндай уақытта оны тентек аю дейді. Қыста жануардың қызуы төмендейді, оның күзде жинаған майы тоңбауына көмектеседі.