благословения-бата
Бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Бүгінде сіздерге тәрбиелік мәні жоғары халқмыздың асыл қазынасының бірі бата туралы мәлімет беріп, үздік баталар топтамасын ұсынады.
1)Құдай қуат берсін,
Нұрлы шуақ берсін!
Дастарханға береке берсін,
Күнде осындай той-мереке берсін
2)Мінезің бар әкеңдей бір салмақты,
Жігіт болып өсе бергін жан - жақты.
Құттықтайды нағашылар әулеті,
Тараздық Мухит атты нағашы!
Көзіміздің ағы менен қарасы,
Аман жүрші Құрақбайдың баласы.
Туған күнің құтты болсын Қайсаржан,
Қамқоршы ғой әрқашан да нағашы.
Басқалардан өте жақын болады,
Жиен менен нағашының арасы.
Тиіп кетсе қол қалтырап қалатын,
Құдіреттің күштілігін қарашы!
Сырласатын, сыйласатын өзіңмен,
Ең бірінші нағашым деп санашы
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
Қазақтың тамаша ақтаңгер жүйрік ақыны, халқымыздың ой-санасынан алыстай түсіп тарих қойнауына сіңіп кеткен жыраулық поэзияның өкілі Дулат Бабатайұлының мол мұрасы осы күнге дейін жетіп халқымыздың рухани байлығына айналып отыруы бүгінгі ұрпақ үшін зор бақыт. Өмір сүрген дәуірі небары екі жүз жылдан азғана асқанымен Дулат ақын туралы айтқанда орта ғасырларда ғұмыр кешкен алыс заманның адамындай көріп санамызда оның дәуірі мен кезеңі жайлы көмескі де бұлыңғыр уақыттың адамы қылып көз алдымызға елестететуіміз оны бізден алыстата түсетіндей.
Тарих үшін екі ғасыр азғана уақыт екенін есептесек ақынның өмір сүрген дәуірі туралы көптеген ойларды дұрыс танып болжауға болатынына көзіміз жетеді. Ақын еңбектерін қазіргі күн тұрғысынан жақынырақ танып, жас ұрпақтың санасына сіңіріп оқытуға әлі күнге дейін бөгет жасап келе жатқан бұрынғы ескі көзқарастар бойымыздан әлі арылып біткен жоқ. Бұған бірнеше тарихи себептер бар екенін көзі ашық оқырман біледі. Әдебиеттің өткенінен азды-көпті хабардар, халқымыздың кейінгі орыс бодандығына енген үш жүз жылға жуық тарихында рухани өмірімізде болған өзгерістерді білетін саналы оқырман бұл сұраққа ойланып барып жауап іздері белгілі.
Кешегі тәуелсіздік кезеңіне дейінгі заманда Дулат, Шортанбай, Мұрат сияқты ақындардың ел мұңын басым жырлап, халқымыздың алдында күтіп тұрған қилы замандар туралы ескертіп жазған өлеңдері кеңестік жылдарда «кертартпа» көзқарас болып саналуы заңды еді. Өйткені кеңестік биліктегі кертартпа саясатқа өзінің жөнсіздігін көрсетіп тұрған шындық поэзиясы әзірейілдей болып көрінетін. Олардың заңды жалғасы болып дүниеге келген көркем әдебиеттегі Абай дәуірі, одан кейінгі алаш кезеңі кеңестік солақай саясаттың құрбаны болып жетпіс жыл жабық жатқанына тарих куә болғаны кеше ғана. Бірақ осылардың бәрінің алдын алып, жақын көршіден келе жатқан тар заманды алғашқы болып ескерткен Дулат поэзиясының құдіреті бұлардың ешқайсынан кем емес. Тіпті күштірек әрі алғыр, көркем, ерекше затты, тот баспайтын дерлік текті өнер.