Есім хан[1] — (1598—1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.Қазақта "Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол" деген қанатты сөз ежелден бар. Керей мен Әз Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқан-ды. Қазіргі Қазақстанның күншығысында, Жетісуда дулаттар, жалайырлар, албан, суан, наймандар, тағы басқа ру-тайпалар құрған күшті мемлекет Моғолстанға келіп, жер сұраған ақордалық бауырларына Есенбұға хан Шу-Ӏле тауларының Қозыбасыға дейінгі жерін бөліп берген. Сол заманның көне көзіндей болып, күні бүгінге дейін атын жоғалтпай, Шу бойында Хан тауы, хандар құс салған Cұңқар шыңы алыстан мұнартып, қол бұлғап тұрғандай. Қаз-қаз басып, ту көтерген Қазақ хандығы жан-жағына алаңдай қарап, күн көруге мәжбүр болған. Шығысында Ойраттардан, батысында Әмір-Темір әулеті билеп тұрған Сырдария мен Әмудария арасындағы күшті мемлекет Мауреннахрдан, солтүстігінде Сібір хандығынан қауіптенетін Моғолстанға қалқан, қорған тәрізді өмір кешті. Әсіресе, өздеріне кектеніп қалған хан Әбілхайыр әне-міне шабуылға шыға ма деген үрей бар.Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы князі Василий ӀӀӀ-ге де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан. Қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Европаға да әйгілі бола бастаған. Бұл жөнінде Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейн жазбаларында бар. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: "Қазақ хандығы мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес" — деп тегін жазбаса керек
Объяснение:
Мен өнертапқыш болсам
Егерде мен өнертапқыш болсам,мен əрқашанда əдемі əшекейлер істеп,оларды əдемілеп,адамдарға сатушы едім. Менің қолым өнерлі болса, менің арманым барлығы менің еңбегімді бағалағанын қалаушы едім.
Неге сатушы едім? Неге сатпасқа? Адамдар оны тақса,онымен қуанып бетінде тек күлкі болса,абамдарға көңіл күй сыйлап жүрер едім. Адамдар оларды сатып алса мен білетін боламын,олар менің істеген қолөнерімді бағалайды деген екен деп ойлар едім. Келешекте егерде мен өнертапқыш болсам,қолымнан бəрі келсе,мен əрі қарай өз еңбегімді дамытатын боламын!