сауатты сараң
еңбекқор жалқау
ақылды аңқау
Дара, күрделі, үйірлі анықтауышқа мысал сөйлемдер.
Анықтауыш: сөздің сынын,қасиетін, белгісін, басқа да сипаттарын білдіреді.
Құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.
Дара анықтауыш толық мағыналы бір сөзден болады.
Мысалы: Зейнептің көздері үлкен (қандай?), кірпіктері ұзын (қандай?).
Оқыған (қандай? қай?) кітаптарым мені іске бастады.
Ашынған (қайткен? қандай?)әйел мән - жайын айтады.
Күрделі анықтауыш күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады.
Мысалы:
Қылқан жапырақты (қандай?) ағаштың ең үлкені – алып қарағай.
Жаңадан тұрғызылып жатқан (қандай?) үй осы жылдың аяғына дейін тұрғындарға тапсырылады.
Сайысқа қатысып жатқан (қандай?) үміткерлердің барлығына кішігірім сыйлық беріледі.
Үйірлі анықтауыш – кемінде екі не одан да көп сөзден құралады. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады.
Мысалы: Білімі көп (қандай?) адам жерде қалмайды.
Ыстық шаңға құмыққан (қандай? қай?) Алмас машинаның терезесін ашып жіберді.
Талабы көп (қандай?) жігіт болашақта үлкен жетістікке жетеді.
Қу анқау,сауатты сауатсыз,еңбекқор жалқау,ақылды ақымақ,сараң арам