М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
magosh2001
magosh2001
29.11.2020 07:36 •  Қазақ тiлi

Мағжан Жұмабаев кім? (Мағжан Жұмабаев кто?) 2. Ол қай жылы, қайда туған. ?) 3. Мағжанның әкесінің аты кім? 4. Ақын кай қалаға оқуға түсті? 5. Мағжан Жұмабаев қай жылы ату жазасына кесілді (В каком году Мағжана Жұмабева расстреляли?)​

👇
Ответ:
aldiyar20020922
aldiyar20020922
29.11.2020

Мағжан Жұмабаев Бекенұлы - Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген.

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы. Мағжанның атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды.

1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер ба Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды.

1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.

1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті.

1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.

1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. 1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды. Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Мағжан қатаң сынға алынды.

Ақын 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.

1937 жылы наурызда мағжан Бекенұлы Алматы қаласына келеді келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

4,8(43 оценок)
Ответ:
Superstylegir
Superstylegir
29.11.2020

Мағжан Жұмабай (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді

4,4(39 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
mixfix728
mixfix728
29.11.2020
1.Алдар Көсе және мақтаншақ бай
Дастархан басында қымыз ішіп отырған (жас, кәрі, шал т. б.) Алдар Көсені мақтап отырады. Ол сөздер қисайып жатқан қызғаншақ байдың ұйқысын бұзып, Алдар көсені мақтаған сайын дөңбекшіп жатады.- Елде Алдар Көседей ақылды адам жоқ қой.- Алдар Көсені ешкім жеңе алмайды десейші.- Иә, Алдар Көседей тапқыр кемде кем ғой.Мақтаншақ бай: (күйініп, атып тұрып, әрі - бері теңселіп) Алдар Көсе, Алдар Көсе деп қоймайсыңдар. Кездеспей жүр ғой ол маған! Аяғын аспаннан келтірер ем! (күпініп)Бесті қымызға мас болған жігіт: Ой, бай - еке, мақтанбаңыз! Алдарды жеңемін деп айтпаңыз, қалай түсіп қалғанын сезбейді жұрт - ол бұғып жатқан қақпан.Кемпір: (іле - шала) Өздігінен тиіспейді. Тиіскенді аямайды десеңші...Мақтаншақ бай: (ызаланып) Жо - о - оқ! Қайткенде де жеңбей тынбаймын! Ақыл айқасында, қулық шайқасында мен оны тірілей өлтіремін! Ал егер алдай алмасам, айыбыма ту бие сойып, бәріңді шақырамын. Маған оны жеңу емес, кездесу, кездестіру қиын боп жүр. Әйтпесе...(Бай желмаясымен желіп бара жатып, бейтаныс біреуге көзі түседі. Бейтаныс бірдеңе іздеп жүрді. әрі - бері жүріп, бейтанысты шыр айнала береді) 
Бай: Әй, миғұла, неғып мәңгіріп жүрсің? Не жоғалтқаның бар?Бейтаныс: (Алдар Көсе) Жоғалтқан ештеңем жоқ. Бірақ іздеп жүргенім рас...Мақтаншақ бай: (жұлып алғандай) Не іздеп жүрсің сонда?Бейтаныс: (Алдар Көсе) (асықпай) Жердің бір шетін яки басталар жерін осы тұста екенін, жақсы білем. Бірақ анықтай алар емеспін. Шөп басып кетіпті. Жоғарыдан қарасам, тез табар едім. Бірақ бұл арада шығып қарайтын тау да, төбе де жоқ. Бай: (сабасына түсіп) Түйеге мінсең көрінер ме еді?Бейтаныс: (Алдар Көсе) Көрінгенде қандай!Бай: Бірақ менде кейін жердің бір ұшығын екеуміз бірге тапқанбыз деп айтып жүретін болсаң. Сонда абырой - атақ, қадір - құрмет екеумізге ортақ болады. Келістік пе?Бейтаныс: (Алдар Көсе): (миығынан күліп) Әрине! Әрине!Мақтаншақ бай: (Бай түйеден түсіп, жоқ іздеуші мінеді) Қалай көріне ме жердің пұшағы?Бейтаныс: (Алдар Көсе): (түйенің бұйдасын қолына бері ұстап) Жоқ, Жердің пұшағын көріп тұрғам жоқ. Бірақ біреулердің ақымағына көзім жетті. Бұдан былай қарай елге Алдар Көсе екеуіңіздің жердің әлгі пұшпағын қалай бірігіп іздегеніңізді айтып мақтануыңызға болады. Мақтаншақ бай: (ызаланып)Не деп оттап тұрсың? Қайдағы Алдар Көсе?! Түйемді қайыр, қарақшы! Алдар Көсе: (шауып бара жатып) Қуып жетсең, аласың! Егер қуып жете алмасаң, масқара боп қаласың! (Ақымақ бай аузын ашып қала береді)
Мақтаншақ бай: (үйіне жаяулап - жалпылап, сүйретіліп кіріп келеді) Әйелі: (шошынып) Не боп қалды? Түйең қайда?Мақтаншақ бай: (жыларман болып) Түйе жоқ! Түйеден айырылып қалдым! Алдар Көсе алып кетті! Масқара қылып кетті. Әйелі: (шашын жұлып, жер сабалап, ойбай салады. Халық жиналып қалады)– Түйеңізді қайтып алып қойды?– Күшпен бе, қулықпен бе?Мақтаншақ бай: (одан бетер ашуланып) Қулықпен, айламен, әрине!(жастар қарқылдап, кәрілер миықтарынан күліп, бүкіл ауыл мәз болады) - Масқара болған екенсің!– Өзіңе де сол керек!– Мақтаншақ неме!– Тфу, түкірдім бетіңе!– Айтқаныңды істе.- Иә, иә соны айт!– Тез елді шақыр!(Жұрттың бәрі уласып-шуласып дастарқан басына келгенде, Алдар Көсе кіріп келеді).Алдар Көсе: (күліп) Бай - еке, түйеңізді алыңыз! Бірақ құлақ салыңыз! Өсер бала данаға қарап жүгіреді, өлер бала молаға қарай жүгіреді. Алдар Көсемен айқасып не шаруаңыз бар еді?(Бай ес түссіз, отырып қалады, халық Алдар Көсеге деген сүйіспеншілікпен қарайды)Шымылдық.
4,5(7 оценок)
Ответ:
lida113
lida113
29.11.2020
Ыңғайлас салалас
1. Қостын ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылбырлады, шөп суылдады
2.Комирден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады
3.Мен бұл арада үндемедім және үндеуди кажет те көрмедим
4. Үй ишинин қарбалас жүрісі сыбырлады да, барлық үлкен- киши қонақтардың айналасына жиылды
5.Алыс жол атты сынайды,ауыр күн ерді сынайды.
Себеп салдар:
1.Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуи сирек.
2 Есенқұл жауап қатқанша болған жоқ,жаңағы жук машинаға да жеттік
3.Жайлаудын көлдеріне сене беруге болмайды,құрғақшылық жылы олардың коби тартылып қалды.
4. Сизди ешкім шақырган жок,сондықтан сиз бармайсыз.
5 мезгіл кешкирип кетті,амалсыз конуга тура келді
4,5(64 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ