М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
VladimirLK
VladimirLK
26.12.2021 20:39 •  Қазақ тiлi

НЕ ЖУЛНИЧАТЬ Абай кунанбаевтің шәкірттері.​

👇
Ответ:
JeanSu
JeanSu
26.12.2021

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың қазақ әдебиетіне ХІХ ғасырда және ХХ ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісіне әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен» – дейді Мұхтар Әуезов. Және 1909 жылы ұлы ақынның өлеңдер жинағы басылып шыққан соң, «Абайға еліктеп өлең жазушы ақындар Қазақстанның қай жерінде болса да кездесетін болады». «Бұл жағынан қарасақ, – дейді Мұхтар Әуезов, «ХХ ғасырда Абайдың әсері көпке жайылып, кең өріс таба береді. Ақын мұрасының өзінен соңғы қазақ әдебиетіне былайша қатынасуы, оның жалпы қазақ әдебиет тарихына көрсеткен үлгісі, әсері деп түсінеміз». Бұл мәселені зерттеу тексерулер ХХ ғасыр әдебиет тарихының міндетіне қарай ауысатынын айта келіп, Абайдың өз айналасында үнемі бірге болып, ұлы ақынның анық жақын шәкірті болған ақындардың шығармаларын зерттеу мәселесіне көңіл аударды.

Абайдың ақындық өнердегі тарихи еңбегі қазақ халқының мәдени даму, өркендеп өсу жолындағы ерекше елеулі кезеңдерінің бірі болды.

Мұхтар Әуезов «Абай шәкірттері туралы» атты мақаласында:

«Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас шағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа сияқтылардан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болды.

Ақылбай, Мағауия, Көкбай сияқты ақындар туралы айта келіп, М.Әуезов: «Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұтатын бір жайды ескерте кету керек. Ол – осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен айқындап көріне түсетін, Абайдың өзіндік ерекшелігі болады.

Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы – ұстаз ақын болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға мен іні ақындарының екі буынынан құралатын болса, ең алдымен сол әдебеиттік мектепте басшы ақынның бағыты, өзгеше идеялары, өз халқының әдебиет тарихына кіргізген анық тарихтық, көркемдік жаңалықтары – қысқасын айтқанда, барлық қасиеттері, әралуан түрде бой көрсететін болады» – дейді.

Мұхтар Әуезов осы айтқандарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, 1950 жылы «Абай шәкірттері туралы» атты әдеби зерттеу мақаласын жазып, онда Ақылбай, Мағауия, Көкбай ақындардың шығармаларына талдау жасап, өмір тарихтары жөнінде мағлұмат берген болатын. Қайым Мұхамедханов Абайдың ақын-шәкірттері тақырыбын 1940 жылдардан бастап зерттеп, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абайдың ақын шәкірттері» деп аталатын 4 кітаптан тұратын зерттеу еңбегін жазды.

Абай философиясы

Абай оқыған кітаптар

Абай және орыс әдебиеті

Абай және Пушкин

Абай және Крылов

Абай және Лермонтов

Абайдың ақын шәкірттері

4,5(46 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
SBusic
SBusic
26.12.2021

1 мамыр жайлы шағын шығарма

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні менің сүйікті мерекелерімнің бірі, себебі Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстан кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес. Бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.

Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.

4,5(47 оценок)
Ответ:
khvvt1
khvvt1
26.12.2021
Қазақстанда 16-дан астам ірі қала бар. Солтүстікте – Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар. Шығыста – Өскемен, Семей қалалары орналасқан. Оңтүстікте – Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы. Батыста – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары.
Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.
Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.
Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.
4,5(1 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ