Су — қалыпты жағдайларда сутегі мен оттегінің тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Ол қатты, сұйық және газ сияқты күйде болатын бірден-бір минерал. Су
түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Су – қабаты 5 метрден асқанда көгілдір түсті болып көрінеді,
Жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су қорына мұхит, теңіз, көл, жерасты сулары жатады,
Су атмосферада бұлт, тұман, бу, жаңбыр түрінде болады. Су буға айналады. Будан бұлт пайда
болады. Ол жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге жауады.
Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі. Адам, өсімдік пен жануарлар денесінің
бір бөлігі судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ. Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре алмайды. Жер
бетіндегі биологиялық өнімдердің 43%-ын, оттегінің 50%-ын мұхит пен теңіздер береді,
Жер бетінде ішетін су аз. Ол күн сайын азайып барады. Сондықтан суға қамқорлықпен қарау
керек. Ол біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады.
ірі омонін айт. (Составьте план текста
Хан Тәңірі шыңы
Қазақстан Республикасының Қырғызстан және Қытаймен шекарасындағы ең жоғарғы биік шыңы болып табылады, шамамен 7 мың метрдей. Әлемдегі ең әдемі шыңдардың бірі. Оның төртқырлы пирамида іспеттес формасы оған ерекше көрік береді. Шыңның бір жақ бетін мәрмәрлі қабырға безендірген. Оны бағындыруды көптеген туристер армандайды.
Бурабай курортық аймағы
Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады. Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасындағы қылтадан табиғаттың керемет сұлулығын көре аласыз. Жаныңызды жадыратар жазда көл жағасында демалсаңыз, қыста көңіліңізді сергітер спорттық сауықтарға аударуға болады.
Шарын шатқалы
Бұл Қазақстанның өте көне және көркем жерлерінің бірі. Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық паркінің құрамына кіретін Шарын шатқалы отандық және шетелдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас. Шатқал 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан. Оның құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Мұнда өсімдік атаулының 1500 жуық түрі бар, 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енген