Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».
Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады».
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.
Кенесары - Наурызбай», тарихи жыр. Бұл дастанды Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек көзі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыратапған себептерге орай, тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние. Жыр алғаш рет 1875 ж. С. Жантөрин мен Т. Сейдалиннің аудармасымен «Записки Оренбургкого русского географического общества» журналының 3-ші бөлімінде сөзі қазақша, әрпі орысша болып басылды, қазақ тілінде 1912 ж. Қазанда Университет баспаханасында Жүсіпбек Шайхисыламұлы жинап жырлаған жыр нұсқасы «Қисса-и Наурызбай төре Қасым уғлы Қасым Абылайханов» деген атпен жарық көрді. Ә. Диваев жинаған Ж. Басығарин нұсқасы X. Досмұхамедұлының алғы сөзімен 1923 ж. Ташкентте, Н. Төреқұловтың алғы сөзімен 1924 ж. Мәскеуде жарияланды. Бұл басылымдарда Нысанбай жырауға үлкен қиянат жасалды: көтеріліске тіл тигізіліп, мазмұн жағы мүлдем басқа арнаға түсті. Е.
правильно но тут можно найти я точно не могла найти