Мектеп туралы диалог
- Аружан, осы екеуміз қанша уақыт көрші тұрып, бірге ойнап жүрсек те, сенің қай мектепте оқитынынды ешқашан сұрамаппын?
- Шынымен де, ойнап жүріп мән бермегенбіз ғой, сірә. Мен қаламыздағы № 8 қазақ гимназиясында білім аламын, ал сен ше, Асылай, қай мектепте оқисың?
- Мен үйіміздің қасындағы №21 орта мектепте оқимын. Гимназияда оқыған қиын емес пе? Қандай сабақ тереңдетіліп оқытылады?
- Жоқ, еш қиындығы жоқ, оқыған балаға, әрине. Тек сабақтарымыз орта мектеппен салыстырғанда сәл кешірек аяқталады. Біздің мектеп физика – математика бағыты бойынша тереңдетілген білім береді.
- Сонда аптасына неше рет физика немесе математика сабағы жүргізіледі?
- Күнделікті.
- Күнде математика оқыған қиын ғой... Біз екі рет оқығанда қиналып жүрсек...
- Жоқ, мүлдем қиын емес. Керісінше, өте қызықты. Себебі біз түрлі есептер шығарамыз, сабақты жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жүргізеді, ал физикадан түрлі тәжірибелер өткіземіз.
- Мен ешқашан сенің мектебінде болып көрмеппін, іші үлкен бе?
- Ия, мектебіміз биыл күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Кабинеттердің іші толықтай жөнделіп, заман талабына сай техникамен қамтылған. Айтпақшы, келер аптаның дүйсенбі күнінен бастап 6 күн бойы мектебімізде «ашық есік» күндері өткізіледі, сонда келіп көруіне болады. Сонымен қатар біздің мектепте білім алғысы келетін оқушылар үшін арнайы емтихан ұйымдастырылады.
-Жақсы, көрсем, көрейін. Рахмет.
Объяснение:
Томирис (Тұмар) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды.
Кир патша Кир ІІ немесе Ұлы Кир туған жылы белгісіз – б.з.б. 530) – Ахеменидтер әулетінен шыққан парсы патшасы (б.з.б. 559 – 530).Камбис I мен мүмкін, Мидия патшасы Иштувегудің (Астиаг) қызы Мандана ханшайымның ұлы.
Алтын адам — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі.
Сақтар— б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.