Ұрпақтан-ұрпаққа қалдыратын асыл мұра- тәрбие. Менің атамды бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Маған берген тәрбиесі,өнегесі арқылы мен осындай ақылды азамат болып өсудемін.Тек бұл ғана емес, менің атам- соғыс ардагері. Бауыржан Момышұлының көзін көрген,сол басқарған дивизияның қатарындағы солдат болған.Оның қазақ даласын жауды қалай қорғағанын тыңдап, еш қашан жалыққан емеспін.Сондай ерлік жасаған, келер ұрпаққа өнеге қалдырған атамды мен мақтана айтамын.Жақында атамның ауылдағы үйіне барып білмегенімді үйрендім.Ол кісі маған атқа мінуді ,балық аулауды,ертемен қой бағуды үйретті.Сонымен қатар, менің атам қамшы өріудің "мастер"-і.Оның қолынан шыққан қамшыларды атақты ат бегілер сатып алады.Кешкі тамақтан соң, атам төрде ілулі тұрған домбырасын шертіп-шертіп жіберіп термелерін айта жөнеледі.Оның қазақи қоңыр дауысы стөл үстіндегілерді тамылжытпай қоймайды.Атамның жан -жақтылығы мені қызықтырады. Осындай жасқа келсе де, шымыр ,ширақ.Ерте тұрып жаттығу жасамаса болмайды.Менде атамнан бір елі қалмаймын. Атамдай ақылды,батыр,өнерлі болсам екен деймін.
Үш қиян алыс дегенді білдіреді.
Өйткені ақын Ойыл, жайық, Еділ осы жерлерді жақсы көрген, ол орыстар осы үш өзенді алып кетпесін деп, оларды қорғау өзіне міндет қылған. Сондықтан үш қиян деп аталған.