Расында да, бұл ғимараттарда мемлекетіміздің басынан өткен ауыр кезеңдер мен қуанышты сәттердің ізі қалды, дәл осы кешендердің ішінде еліміз үшін ең маңызды мәселелер шешілді, вокзалдар талай тұлғаларды күтіп алып, талайын шығарып салды, ал қазіргі аспанмен таласқан биік-биік жобалар заманауи Қазақстанның бейнесін жасауда. Француз архитекторы Поль Гурдэні Алматы қаласының тарихи орталығымен не байланыстырады, неліктен Жаркенттегі мешіт қытай сәулетшісі Хон Пикенің біздің күнімізге дейін сақталған жалғыз туындысы, Уалихановтардың «Сырымбет» үй-жайы қайда орналасқан, ұмыт болған есімдер мен белгісіз деректер, қазіргі тарих пен ұлттың бет бейнесі, осының бәрі бағдарламаға арқау болады.
Тағы, «Сәулет өнері» жобасы еуропаның архитектуралық стилі мен азияның эклектикасының тоғысуы туралы, сондай-ақ қираған үйінділерден алып қалалар мен шаһарлардың қайта салынуы жөнінде әңгімелейді. «Қазіргі таңда шығармашылық ұжым Түркістан, Орал, Алматы және Жаркент қалаларында болып, ондағы ең маңызды ескерткіштер жөнінде сөз етті. Хабардың әр бөліміне елімізбен қатар шетелдің беделді архитекторлары қатысады. Мысалы, бағдарламаның алғашқы бөлімінде танымал отандасымыз Сағындық Жанболатов пен Алмас Ордабаевтың пікірлері берілді. Сонымен қатар Лондон қаласындағы әйгілі Норман Форстермен сұхбаттасу үшін келіссөздер жүргізілуде. Өздеріңіз білетіндей ол Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Хан Шатыр» және «Назарбаев орталығы» сынды көптеген ғимараттардың авторы» - дейді «Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева.«Сәулет өнері» жобасының ұжымы жыл соңына дейін Қазақстандағы мешіттер, кеңестік кезеңнен қалған құрылыстар, тарихи орындар туралы 15 шығарылым жасауды жоспарлап отыр. «Тағы бір айта кетерлігі, біз тек ескі ғимараттардың тарихына ғана үңіліп қоймай, сондай-ақ заманауи архитектуралық жауһарларымыз жөнінде де сөз етеміз. Қазақстандағы жас архитекторлар мен шет мемлекеттерде аты шығып, өзінің талантымен әлемді мойындатып жүрген отандастарымыз туралы да хабар барысында айтылады» - деп қоса кетті арнаның Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева.
Бағдарламаны «Kazakh TV» арнасынан және мына сілтеме бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тамашалай аласыздар.
Менің болашақ мамандығым - қаржыгер
Біз 21 ғасыр жастары-болашағы жарқын, рухани байлығы мол, күн сайын жаңа белестерге шығып, гүлденіп келе жатқан мемлекеттің тұрғындарымыз.
Қазақстан туған жеріміз, туып өскен еліміз. Әр казақстандықтың жүрегінде өз елім үшін қызмет етсем екен,дамуына көмек берсем екен деген ой қалыптасуы тиіс. Ата-бабаларымыз жас ұрпақтың болашағы үшін өз өмірлерімен қош айтысып, жері үшін,елі үшін күрескен. Енді келесі кезек біздерде. Алдымызға қойылатын негізгі міндеттеріміз жақсы білім алып, келешекте жақсы маман атанып, еңбегімізді аямай, қызмет жасауымыз керек. Еліміздің жағдайын біз жас қазақстандықтар? ойламасақ, басқа біреу ойлайды ма?!
Қазіргі таңда жас мамандарды даярлау үшін барлық мүміндіктер жасалуда. Жаңа технологиялар, оқулықтар, мектептер, университеттер осының барлығы білім саласын нығайту үшін қарқынды дамуда.
Әр азаматтың өзінің жүрегі қалаған мамандығы бар. Қайбір мамандық болмасын өз маңыздылығы, пайдасы мен ерекшеліктері болады.
Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт.
Мамандықтар әлемі өте бай және әр алуан. Техникалық прогрестер, әлеуметтік сұраныстар мен көптеген факторлар жаңа мамандықтардың пайда болуына әсерін тиігізіп жатыр.
Менің таңдаған мамаңдығым- қаржыгер. Бірінші кезекте не себепті қаржыгер мамандығына таңдауым түсті деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап қайтару үшін таңдаған мамаңдығымның жалпы сипаттамасын және де ерекшеліктерін айтып өткім келеді.
Қаржыгер-қаржы саласында жұмыс істеп, ақша қаражаттарының дұрыс жұмсалуын қадағалап, табысты көздейтін маман.
Басқа сөздермен айтсақ, қаржыгер бұл- банкирлер, инвесторлар трейдерлер,биржа жұмыскерлері,қаржы директорлары,салық инспекциясының жұмыскерлері,қаржылық менеджерлер,есепшілер мен аудиторлар.
Қаржы саласын меңгере отырып, бұл саланы түсіну өте маңызды. Ақша қаражаттарымен жұмыс жасай білу әр қаржыгердің бойында болуы тиіс.