Байқап қарасақ, бүгінде ғаламтор жастар өмірінің айнымас бір бөлігіне айналғандай. Өйткені, жолда, жұмыста, тіпті ас ішіп отырса да ұялы телефонға немесе агентке телмірген жастарды көретін болдық. Басым көпшілігін сыртқы орта, айналасы, ата-анасы, достары, оқу мәселесі қызықтырмайтыны соншалық, ғаламторға сүйеніп, кітап оқуды, ізденуді қойды десек те болады. Өйткені, ғаламторға кіріп, керекті мағлұматтың атын жазсаңыз болғаны, түрлі рефераттар, зерттеулерді тауып, дайын нәрсені шығарып, мұғалімге өткізе салады. Бұрындары бесік жырын, әжесінің ертегісін тыңдайтын бала қазір компьютердің ойындарын, ғаламтордың мағлұматтарын тыңдайды.
Сонымен қатар, сүйегі енді қатып келе жатқан баланың компьютер алдында ұзақ отырғаннан көзі талып, жотасы сыздап, тәй-тәйлап қадам басқаннан-ақ көзілдіріктің көмегіне жүгініп жатқаны. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәуле көзге кері әсерін тигізіп қана қоймай, баланың ұдайы отырғанынан түрлі ауруларға шалдықтырады. Онымен қоса, компьютерге енгізілген ойындар атыс-шабыс, қан төгу және жауыздыққа бағытталған болып келеді. Осы ойындарды бала ойнағаннан, оның психологиясына жаман әсер беретінін өздеріңіз де білесіздер.
Қазақтың жері ата - бабамыздың мұрасы.
Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.