Ертеде түлкі мен қасқыр айырылмас дос болыпты. Бір күн екеуі жортып келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келеді.
Қасқыр қасындағы түлкіге:
— Ал, сен жей ғой, достым, – депті жол беріп.
Түлкі арсалаңдай күліп:
— Менің аузым ораза ғой, достым, білмеуші ме едің? Сен-ақ жей бер, – дейді.
Қасқыр етті жемек болып, тұмсығын созады. Енді шетінен тістей бергенде, мойнын қақпан қауып алады. Ет бір шетке ұшып түседі. Түлкі етті қағып алып, қылғи салады.
Мұны көріп тұрған қасқыр:
— Ей, достым-ау, сенің аузың ораза емес пе еді? – деп сұрайды.
Түлкі қылмың қағып:
— Менің аузымдағы ораза ашылып, сенің мойныңа түсті ғой, – деп зыта жөнеліпті.
Сүйемін туған тілді анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутімнен, Құлағыма сіңірген таныс үнім. Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, құлыным, жаным деген. Сол тілменен бірінші білгізілген, «Апа» деген сүйгендік сөз жақын маған жеп жырлаған.(Қазақ тілі жайында Имангали Тасмаганбетов жаксы жауап берген,ютубта тыңдап көр,көп керекті нəрсе бар)