Объяснение:
KzRuQaz Басты бет Жаңалықтар Уақыт керуені Қоғам Экономика Өңір Басқада Басты бет > Басқада > Әдебиет Көшпенділер туралы шығарма Oinet.kz 01-01-2020 Қазақ халқы ежелде көшпенді халық болмаған. Сондықтан ол көбіне киіз үйлерде тұрған. Оның себебі киіз үй жазда салқын, қыста жылы болған, оның үстіне оны бір жерден, екінші жерге көшіру өте оңай болған екен. Қазақтың ата кәсібі мал шаруашылығымен айналысуы оның көшнпенді болуына негізгі себеп болған. Ал мал баққанда қыстың күні жейтін шөп табылатын өңірлерге ауысып отырған. Оны қазақта былай дейді: жазда жайлауға, қыста қыстауға ... Көшпенділер мәдениетіне келсек оның қазіргі қазақ салт-санасынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ, себебі бізде әдет-ғұрып, салт-дәстүр дегеніңіз жақсы сақталған. Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы бәрімізге таныс болар. Кейіннен оның сюжеті бойынша қазақ халқының тарихы туралы керемет кино-картина жарық көрген. Ол әлем кино сахналарында көрсетіліп, ерекше ілтипатқа бөленген фильм саналады. Фильмде қазақ халқы туралы, оның тыныс тіршілігі, XVIIІ ғасырдағы мемлекеттік санасының қалыптасуы туралы оқиға баяндалады. "Көшпенділер" фильмінің басты назарына 18 ғасырда қазақ жерінде болған нақтылы тарихи оқиғалар, жоңғар жаулаушыларына қарсы қазақтардың азаттық соғысы алынған. Фильмнің негізгі тұлғалары – бізге тарихтан белгілі тұлғалар Әбілқайыр хан, Абылай хан, данышпан Төле би, жоңғарлардың қолбасшысы Қалдан Церен. Фильмнің басты кейіпкері - Мансұр халықты артына ерткен сарбаз жолындағы бар қиыншылықтардан өтіп, кейін Абылай хан атанады. Сүйген қызы - Гауһар есімді батыр қыздың арқасында адами қасиеттерін де жоғалтпайды.
Ойнет жаңалықтар сайты: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=38&id=14882
© Oinet.kz
Объяснение«Ұшты-ұшты». Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:
- Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).
- Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).
«Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/43388/:
Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Ерте темір дәуірі біздің заманымыздан бұрын 8–7 ғасырлардан бастап, ерте орта ғасырлар дәуіріне дейінгі кезеңді, яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды.
Объяснение:
осының ішінде бар