М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Du13
Du13
15.06.2021 13:15 •  Қазақ тiлi

«Бақа мен үйрек» ертегісінің желісімен оқиғаны жалғастырып, диалог құрыңдар.

👇
Ответ:
dimaloz55
dimaloz55
15.06.2021

ответ: Бақ суға құлап қалды.

- Мынау бақаға қараңдар бағана мақтанған еді. Ал қазір суға құлап түсіпті, - деп, балалар күле бастайды. Бақа ашуланып, ұялып кетіп қалады.

Объяснение:

4,8(6 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
svashalol
svashalol
15.06.2021

Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.

Сақтарда қолөнер ісі жақсы дамыған. Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады. Зергерлер алтын, күмісті балқытып, қалыпқа құюмен айналысты. Зергерлік өнерде ағаштан ойып жасалған бейнелер мен сәндік бұйымдарды алтынмен аптау ісі жақсы дамыған. Түрлі түсті сердолик, халцедон, ағат, ақық сияқты тастардан сақ шеберлері әшекей бұйымдарды жасаған.

Сақтардың әлем құрылымы жағынан үш түсінігі бар. Олар: аспан әлемі, жер әлемі және жер астында әлем бар деп сенген. Сақтардың түсінігінде әлемнің төрт бұрышы оң, сол, артқы және алдыңғы жағы болған.

Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз - түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған.Осы салт-дәстүрлері қазіргі заманда да пайдаланылып,сақталып келген.

4,4(53 оценок)
Ответ:
marushakeduard
marushakeduard
15.06.2021

Парасатты болу – менің парызым.

Осынау өмірге анамыздың құрсағында тоғыз ай жатып барып қана келдік. Жарық әлемді, дүниені көрдік. Бірден бәрін біле тумағанымыз рас. Бойымыз ғана емес, ойымыз жыл артынан жыл өмір жатты. Бізге берілген тәрбие, біздің ортамыз, көргеніміз бен естігеніміз мына "мен" деген тұлғаны құрады. Ал осы қамшының сабындай ғана қысқа өмірге біз не үшін келдік?

Әр нәрсеге мақсат керек. Тамақ пісіреміз – қарнымыз ашпас үшін. Кітап оқимыз – іздегенімізді табу үшін. Ұйықтаймыз – демалу үшін. Ал өмірдегі мақсат ше? Сіздікін қайдам, менікі бұлыңғыр. Мақсатқа деген баспалдақтар бар, бірақ қай есіктен бір шығарары белгісіз. Мақсат деген оқуға түсу, университетті жақсы оқып шығу, жұмыс табу, үй алу, отбасы құру емес екенін түсіндім. Ол – үлкен дүние. Мақсат неғұрлым үлкен болып, оған қол жеткізсеңіз, соғұрлым өзіңізді, өмірді жеңгеніңіз. Ал сол мақсатқа мен парасатты болу арқылы ғана жетемін. Сондықтан да басты парызым – зерделі де саналы болуым. Әбу Насыр Әл-Фарабидің өзі:

" Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап отыруында" деп айтып өткен екен. Расында да, әр мәселені орынды шешіп, әр қадамымызды ақылға салып, қоғамнан ала бергеннен гөрі, беруді әдетке айналдырсақ – нұр үстіне нұр. "Өмір" бағындағы "гүлдердің" ішінен "жағымды иісімізбен", артта қалдыратын еңбегімізбен ерекшеленейікші.

4,4(87 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ