Тазалықты жай ғана қарапайым сөз емес, үлкен ұлағатты, мағыналы сөздердің бірі ретінде қарап түсінуіміз қажет. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі.Қоршаған ортаның тазалығыда адам өмірне әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады. Әрқашанла қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғаттың сұлулығын көрсетуіміз керек. Сол себептіде жылда күз бен көктем мезгілдерінде мектеп ауласын тазалау сенбілігі болып тұрады. Барлық сыныптар мектеп ауласын бөліп алып, өздеріне белгіленіп берілген аумақты тазалап, гүлдер мен ағаштардың арасындағы арам шөптерді жұлып, тазалаймыз. Көшедегі су ағатын арықтарды да тазалап, егістікке баратын судың жолын ашамыз. Мұнын бәрі тазалықтың тармақтары. Бақытты өмір сүргіміз келсе әркезде де таза болып жүрейік.
Бауыздалатын малдың тамағына пышақ тартқанда шыққан қан жерге түспей тұрып, оның сауабы Алла Тағаланың құзырына барады. Бұл туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «А Құрбан айт күні қан шығарудан артық Алла Тағалаға жағымды іс істемеген. Әлбетте құрбан малдары Қиямет күні мүйізі, жүні және тұяғымен келеді. Әлбетте қан жерге ағудан бұрын Алланың құзырындағы орынға жетеді. Ендеше оны шын жүректен шалыңыз», – деген (Тирмизи).
Құрбан шалу Алла Тағалаға жақын болу, күнәлардың кешірілуі, Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкір ету, бай мен кедейге кеңшілік жасау үшін міндеттелді. Өйткені осы күні барлық адам Алла Тағаланың қонағы болады, құрбан етінен жейді, оны тарту етеді, одан садақа береді.
ЭССЕ
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
енді тырыстым осы жетема дұрыс болса лаик жəне луччи ответ