М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Valeria20091
Valeria20091
22.06.2022 20:17 •  Қазақ тiлi

*ҮЙ ЖҰМЫСЫ*
Мәтіннен қосымша ақпараттарды сызып тастап, ықшамдаңыз.
Бүркіт – төрт асылдың бірі
      Қазақ халқы бүркітті қатты қадірлеп, оны өздерінше төрт асылдың бірі деп санайды. Төрт асылға қозы қошқар, еккен егін, тазы күшік, балапан бүркіт жатады. Cебебі бұл төртеуі жасы жылға толмай-ақ адам керегіне жарап, қажетін өтейді.
      Бүркіт қазақ қоғамының бір жанды мүшесіне айналып кетті. Сондықтан қапелімде мерт болған немесе ауылда өлген бүркіттің иесіне: "Ат өледі, құс қашады, екі қанат бір құйрық табылар, ажалы жетсе бәрі өледі" деп, сабырлыққа шақырып, көңіл айтады. Қазақта ертеректе өлген қыран құстың қанат, құйрығына май жағып, ақ матаға орап, биік тay құздарына немесе адам аяғы баспайтын жерге арулап жерлейтін салт та болған. 
Бүркіт аң ала алмай, ауырып мазасызданғанда "көз тиген" деп ырымдайды. Ондайда бүркітті "қырсық шалды" деп, жанып тұрған оттың үстіне тұз шашып, бытырлаған дауыс ырғағымен оңнан солға қарай айналдырып, емдеген. Құсбегілікке байланысты барлық құрал-жабдықты жинастырып, оларды адыраспан, арша сияқты қасиетті өсімдіктермен аластап, бәле-жаладан тазартады. Қазақ құсбегілері бүркіттің пірін Әулие Жалайыр Шора Ата деп біледі.  Аңызға сенсек, Жалайыр Шора құс атаулының "тілін" білген, қырандардың мекені мен шабытты өрісін, қонағы мен ұясын, неге шабатынын, нені алатынын білген екен. Тіптен, төбеде ұшып өткен құстың жасын, қырандығын ажырата алған. Құс атаулының: "Ұша берсем қанатым талады, Жерге түссем Жалайыр Шора алады", – деп, зар қаққаны туралы ел аузында аңыз бар.
        Қазақ құсбегілері қыран құсты сатып, қалап алғанда бүркіттің құйрық қауырсынын, қанатын майлап, иығына шоқ үкі тағып, ақсарбас малын сойып, тілеу тілеп, шашу шашып, сүйінші сұрайтын жақсы салт бар. Ауыл ақсақалдары мен кәнігі адамдарға сынатып, "бүркіттің құйрығын майлау" тойын жасайды. Ондайда ауқаттылар жағы ақсарбас атаса, қарт құсбегілер өздерінің ескі құс жабдықтарын көрімдік ретінде сыйға тартады. Ертеректе күзде саят уақыты басталардан бұрын аушы құсқа арнап құрбандық берген: әркім өзінің шама-шарқына қарай тарту ұсынады, ауқаттылар қой сойып, бүркіт торын "қандайды" (торға қан жағады). Қазақ халқы үйге қыран құс келгенде Қызыр Бабаның ерекше сыйлығы деп, сонымен бірге үйге бақ-береке келді деп шын жүректен қуанып, жақсылыққа жорыған. Сондай-ақ қазақтарда бөгде біреу бүркітімен ауылға келсе, құсының иығына үкі тағатын немесе ақ шүберектен ақтық тағатын архаикалық ғұрып бар.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
gusarova17
gusarova17
22.06.2022

Ақтамберді Сарыұлы (1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, — 1768 — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жүрекжота мекені)[1] — жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Найман тайпасының қаракерей руының сыбан тармағынан[2].

“Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.

4,5(73 оценок)
Ответ:
langueva1405
langueva1405
22.06.2022

Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.

• Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.

• Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау – жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.

• Көпшіліктің алдында жалаңаш - жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.

• Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.

• Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан ұлы жәндіктер болса ұшып түседі.

• Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.

• Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.

• Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналады.

• Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады.

• Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.

• Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.

• Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды.

• Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.

• Қос тымақ кигізбейді. Бұлай етсе екі қатын алады деп ырымдалады.

• Аяқ киімді тұрып киюге болмайды. Тек басына іс түскен кісі ғана аяқ киімді тұрып кимек.

• Ит көйлекті балаға жаны иттей берік болсын деп кигізеді.

• Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөліп алады.

Объяснение:

Киімге байланысты ырым-тымдар

4,6(6 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ