Димаш Құдайберген өнерлі отбасында дүниеге келген соң, болашақта қандай мамандық таңдайтыны құпия болған жоқ.
Жас дарын халықаралаық деңгейде өнер көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, танымал болды.
Тек Қазақстан халқы ғана емес, барлық әлемде Димаштың өнерін бағалап, жас әншіні құрметтеп, сыйлайды.
Ата - анасы үнемі қолдау көрсетіп, көмектеседі.
Димаштың айтқан әндерін әлемнің түкпір-түкпірінде сүйеді.
Қанша танымал, атақты болдса да, қарапайымдылық танытып, барлық адамдармен жақсы қарым - қатынаста болуға тырысады.
Объяснение:
Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.
Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.