М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
MrCrative25
MrCrative25
01.11.2020 13:40 •  Қазақ тiлi

Еңбек етсең емерсің атты эссе жазу

👇
Ответ:
vasilarina06
vasilarina06
01.11.2020

/upd/2014/0220/1392874648530594986510b9.32209540.jpgЖалпа а өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады емес пе?  

    Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану.

    «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек.

    Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады.

   /upd/2014/0220/1392874165530592b5572277.61855176.jpegМысалы: Бамбук ағашының қалай өсетініне назар аударайық. Алдымен топыраққа бамбук ағашының тұқымы егіліп, бес жылға дейін суарылып, ықыласпен күтіледі. Алайда алтыншы жылға қараған кезде ғана сабағы өсе бастайды. Бір қызығы, бұл сабақтың алты аптаның ішінде 27 метрге дейін өсіп, бес жылдың ішінде өскен ағаштармен теңесуі.

    Сонда бамбук ағашы бес жылдың ішінде өседі ме, әлде алты аптаның ішінде өседі ме?- деген сұраққа өсірген адамдар «Алты аптаның ішінде»,- десе, ал сырт көзбен қарайтындар үшін бес жылдың ішінде өсіп жетілетіні айдан анық. Дегенмен топыраққа тұқым егіліп, оны ықыласпен суарып тұру, күн көзінен, жаңбыр және желден қорғау сияқты ұзақ уақытқа созылған қажырлы еңбек пен үлкен сабырлылықтың арқасында ғана бамбук ағашы өсіп жетілуде.

    Міне, сондықтан да жұмсалған еңбектің бостан-босқа кетпейтініне және сабыр түбі – сары алтын екендігіне сенуіміз керек. Ал сенімсіздікпен жасалған іс ешқашан да алға баспайды.

    Жұмсаған еңбегіміз жемісті болмай жатып, айналамыздан келетін әр түрлі ықпалдар мен керітартпаларға, еңбегімізді құнсыздай көрсететіндерге оңай беріліп, бұл ісімізден бас тарту сабырсыздық болып табылады. Олай болса, бір сәтте болса да ойланып, «Бұл іс мен үшін қаншалықты маңызды?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Қандай жағдай болса да бастаған ісімізден ешқашан бас тартпауға тырысу керек. Өйткені, жетістікке қол жеткізген сәтте ғана қаншалықты дұрыс қадам басқанымызды түсінеміз.

    Олай болса, ұзақ уақыттар бойы сабыр етіп, жұмсалған еңбектер бамбук ағашындай ең берік және ең дұрыс нәтижелерге алып барады. Яғни жемісіміз қиыншылыққа төтеп беріп өскен, оңайлықпен бүгіле қоймайтын бамбук ағашындай болады.

    Сондықтан да жетістікке жетудің сыры – қажырлы еңбек, сабыр ету, еңбегіміздің босқа кетпейтініне сену, дереу баз кешпеу болып табылады.

    «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген қанатты сөз тегіннен –тегін айтылмаса керек.

Объяснение:

4,6(42 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
иришка98
иришка98
01.11.2020
Бұл әдемі мамыр күні біз және менің ата-анам шеруді бақылап отырады. Көшелерде біз өздерінің кеуделеріне тапсырыс беру қиын, бірақ сенімді түрде қала көшелерімен жүретін әжелер мен әжелерді кездестірдік. Көздерімен жылтылуға мүмкіндік беретін бақытты тұлғаларды көруге керемет, бірақ бұл бақыт жастығы. Мен және менің ата-анам ардагерлерге гүл шоқтарын қояды және оларға ашық аспан мен жер үшін алғыс айтамыз. Қаланың айналасында тулардың үлкен санын, Сент-Джордж таспаларын, гүл шоқтарын тауып алуға болады. Барлығы бақытты және мақтан тұтады, өйткені бұл Ұлы Жеңіс күні!

Перевод:
В этот прекрасный майский день, я и мои родители отправляемся смотреть парад. На улицах мы встречаем множество бабушек и дедушек, которые с орденами на груди тяжело, но уверенно шествуют по улицам города. Как прекрасно видеть счастливые лица, которые пусть и блестят от слез, но это слезы счастья. Я и родители дарим букеты ветеранам и благодарим их за чистое небо и землю, которая теперь содрогается только от праздничных салютов. Вокруг по городу можно встретить большое количество флагов, георгиевских ленточек, людей с цветами. Все рады и горды, ведь это Великий День Победы!
4,4(91 оценок)
Ответ:
DOSYMZHAN1
DOSYMZHAN1
01.11.2020

Cүйіспеншілік пен достық бар адамға тән деп есептеймін.

2. Себебі, сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі, сүйіспеншілік дегеніміз – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Ал «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағаммен тең» дегендей, достықсыз өмірімізді елестету қиын.

3. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі.

4. Әрине, сүйіспеншіліксіз өмір сүруге әбден болады дейтін адамдар да кездеседі.

5. Дегенмен, сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көріп, мейірімін төккен ата - анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне бастайды.

6. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Ендеше, сүйіспеншілікті пен адал достықты өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты, ал достығымыз мәңгілік болсын!

4,8(38 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ