Менің досым туралы.
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы., сонымен қатар үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақытты жанмын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!
ответ: Жауабы жоқ
Объяснение: Себебі сізден тек боран түрлерімен таныс деп тур.
Боран турлері:
Ақ боран. Көз ашқысыз, желдете жауған қарлы боран.
• Ақтүтек боран. Алай-түлей түтеген боран.
• Ақшұнақ боран. Бір мезгіл соғатын шыңылтыр аяздағы қарлы
боран,
• Аққұйрық боран. Құрғақ аязды күні қарды ирелеңдете, бүра-
лаңдата соғатын боран,
• Ақ жорға. Қысқы аязда жоннан ойға қарай соғатын қарлы
бүрқасын, боран.
• Алай-түлей түтеген боран. Үйтқыған немесе бората соққан
қатты жел.
• Дауыл боран. Осқырған жел.
• Долы боран. Екіленіп соғатын боран,
• Жаяу боран. Жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қаткан
қар үстінен үрген еспе боран.