М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Анаша2018
Анаша2018
08.04.2020 07:40 •  Қазақ тiлi

ЭКСПО-2017 көрмесі туралы 5 мағлұмат жаз

👇
Ответ:
ivanovapolina86
ivanovapolina86
08.04.2020

ОТВЕТ: 1. Қазақстан посткеңестік кеңістікте өз аумағында кең ауқымды көрме өткізу құқығына ие болған бірінші ел болды. Жалпы, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Австралия, Австрия, Бельгия, Италия, Канада, Испания, Бразилия, Оңтүстік Корея, Португалия, Германия, Қытай және Түркия сияқты елдер өз кезінде бүкіләлемдік көрме өткізген. Ал, сол тізімнің ішінде болу айтарлықтай абырой, мәртебе.

2. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі – Қазақстанның астанасы Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтті. Ал ЭКСПО-2017 көрмесінің бойтұмары Сәуле, Қуат, Мөлдір болды.

3. Көрме орналасқан алаңның аумағы 174 гектарды құрайды. Оның ішінде көрме алаңы 25 гектар, ал қалған 149 гектарда тұрғын үй ғимараттары мен инфрақұрылым нысандары тұрғызылған.

4. Үлкен аумақтағы бірнеше павильон сәулет өнерінің ерекше пішінімен салынған. Жалпы ғимараттардың барлық кешені шеңбер ретінде жасалды. Ал дәл ортасында шар тәрізді Қазақстанның «Нұр әлемі» павильоны орналастырылды. Бұл әлемдегі ең ірі шар тәрізді ғимарат, оның диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрді құрайды. Яғни, ғимарат бірегей дизайн. Ол әлемдегі толық шар түріндегі алғашқы ғимарат.

5. Көрменің негізгі символы болып табылатын «Нұр Әлемі» шарын салу үшін 13 мың тонна метал қажет болды. Сонымен қатар, шардың беті 2800 шыны панельмен қапталған. Ал шар тәрізді ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрді құрайды. Бұл көрсеткіш төрт футбол алаңының аумағына тең.

ОБЬЯСНЕНИЕ:

Надеюсь удачи!

4,4(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Энергияны тиімді пайдалану - үнемдеу деген сөз. Энергияны көп тұтынатын құралдар, электр пеші, элетр шәйнегі, микротолқынды пеш. Үй тұрмыстында элетр қуатын үнемдеу үшін жер үйде тұру керек, пеш жағып тамақты соған пісіру қажет. Егер қалалық жерде тұрсаңыз онда шамды өшіріп жүру керек, сонымен қатар басқа құралдар бекер қосылып тұрмауын қадағалаған жөн. Жылу сақтайтын құрал ол батарея. Ол шойыннан темір мен болаттан жасалынды. Оларсыз қыста суық болар еді, сол үшін ол өте маңызды құрал.

Объяснение:

4,4(32 оценок)
Ответ:
vkovbasa99
vkovbasa99
08.04.2020
Мына мақаланы не бөлімін Тәуелсіздік күні (Қазақстан) дегенмен біріктіру ұсынылған. (Талқылауы)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
Тарихы 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
4,7(21 оценок)
Это интересно:
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ