Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру.
«Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді», - деп Елбасымыз айтып өткендей әлемдік ғылым тілін меңгеру басты қажеттіліктердің бірі болып табылады.
«Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында “Тілдердің үш тұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Елбасымыздың осы идеясы өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Шетелде шығып жатқан өнімдерді, техникаларды өз елімізде шығару үшін «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолдауымыз қажет. Сонда ғана еліміздің экономикасы, ғылымы, әлеуметтік жағдайы дами түседі.
Көп тілді білу – заман талабы. Қазақтың ұлы ақыны Абай: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» десе, «Қанша тіл білсең – сонша рет сен адамсың», - деп А.П. Чехов бекер айтпаса керек. Тіл білген адам қор болмайды. Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі де осы – тіл. Сол көпірді сақтап қалу үшін бір-бірінің тілін меңгеруі керек. Сөз соңында айтарымыз, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біз, жастар, болашақ ұрпақ өзге тілді білу арқылы өз тілімізді әлемдік аренаға шығаруымыз керек
Келісемін.Шет тілдерін білген жақсы .Бірақ өз ана тілін білмеу сорақылық.Мен қазақпын.Ана тілім-қазақ тілі.Мен өз ана тілімізді құрметтеймін.
Қазір барлық мектептерде орыс тілі,ағылшын тілі өтеді.Ол біздің шетелге шыққанымызда не ол елдерге жоғары оқу орнына түскенімізде қажеті болуы мүмкін.Ал Қазақстанда өз қазақ тілімізде сөйлеуіміз керек.Біз қазақтар өз тілімізді құрметтегенде ғана өзге ұлт қазақ тілін құрметтей алады.Қазақстанда қаншама ұлттар бар,оларда мемлекеттік тіліміздің қолдап құрметтесе нұр үстіне нұр болар еді.Қазақ тілі бізге өз туған жерімізден,ана сүтімен берілген.Өз елім,өз жерім деген әрбір жан өз тілінде құрметтеу керек.Қазақ тіліміздің шұбарланып жоғалтып кетпеуіне атсалысайық.
Сен өз тіліңде құрметтей білсең ғана өзге ұлт сені құрметтейді.Тілден айрылсақ ,жерімізденде айрыламыз.Шет тілінің бәрін біл,артық болмайды.Бірақ өз тіліңде құрметте
Қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырау атанған Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында, Қарабау деген ауылда дүниеге келген. Жастайынан сөзге жүйрік, тілге үйір Мұраттың оқуға ақындыққа деген құштарлығы ерте жаста оянған. Мұрат ер жете келе айтыс өнеріне қарай ойысады. Өз өңірінің даңқты ақындарының бірі болады. Жас ақынның қызбалығынан Мұрат ойын –сауық кештеріне жиі бас сұғып, көптеген айтыс аламанына түсіп, жеңіп отырған. Оның барлығы жас ақынның атақ-абыройына салмақ қосып, оған қосымша бедел әкеледі. Ақын мұнымен шектелмей ой-өрісі мен білімін артыру мақсатында ел мен жер тарихы жайлы, рулардың шежіресі жөнінде көрген-естігендерін миына құйып, есте сақтап отырған. Тап осы кезден бастап Мұрат Мөңкеұлы жұрт өнегесіне таңба болып басылған келеңсіз жайттарды ел ішіне қанықтыра бастайды. Мұрат Мөңкеұлы отаршылдық заманында қазақ жұртының қаналып, әбден қажыған сәтінде елдің жарасын жамап, қарапайым халықты өлең-жырларымен рухтандырып отырған. Ел тәуелсіздігін аңсап, халықтың бүгіні мен кешегі күндерін салыстыра жырлаған. Халықты бірлікке шақырып, ел үшін күресуді талап еткен. Қазақ батырларын қолға қару алып, жаудың бетін қайтаруға әрдайым өткір ұрандар тастаған. Түрлі саяси науқандардың тұсында зар заман ағымына әр қилы толғаулар айтады. Мұрат ақының «Үш қиян» шығармасында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі қара өлеңде айқара көрсетіліп баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ашына сөз етеді. Өлеңдерінде жүректе қалған мұңның тап қазір болып жатқан сықылды етіп, жұртты тебірентпей қоймаған. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұраның бытшыты шыққанын жазған. Мұрат ақынның заман шындығын зарлай жырлаған әдеби мұрасы зар заман аталды. Сондықтан да Мұрат Мөңкеұлы Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы секілді ақындармен терезесі тең келіп XIX-дың зар заман ақыны атанған болатын.