Мәтіннен ырықсыз етістері бар сөйлемдерді тауып жаз . Жасалу жолдарын түсіндір. Еліміз тәуелсіздігін алып , өз алдына дербес мемлекет бола бастаған күн нен - ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына үлкен мән беріліп келеді . Бұған басты дәлеn - Ата заңымыздың түгелдей ара маттардың құқықтарына , бостандықтарына , мүдделеріне арналғандығы . Бұл – демократиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары өте маңызды болып саналатындығының айға ғы . Елбасымыздың сара саясатының негізінде әрбір азаматтың киңығы ерекше қорғалады . Ол дипломатия , мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыруда ғана емес , адам құқығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамы тып , нығайтуда да шешуші рөл атқарады . Тәуелсіздікке қол жеткізу қаншалық қиын болса , оны сақтап , нығайту жолындағы қиындықтарды еңсеру де оңай емес екені тарихтан белгілі . Өркениет көшін алға жылжытуда Елбасымыздың рөлі зор . Ел алдында : « Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіннен адаммын . Маған ары үшін жанын садақа ететін осындай текті халыққа , мені « ұлым » деп , « перзентім » деп төбесіне көтерген халыққа , арғы - бергі қазақ баласының бірде - бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты - толыққанды , тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ . Осы жолда мен бойымдағы бар қайрат - қабілетімді , білім - білігімді аямай жұмсаймын , кез келген тәуекелге барамын » , — деген Елбасымыздың халқына деген перзенттік , патриоттық сезімі осы кезге дейін аянбай атқарған іс - әрекетімен астарласып жатқанының куәсіміз ,
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады