Кіріс пен шығын алдын ала жоспарлы түрде жасалып отырудың маңызы зор. Кіріс пен шығын үнемі тіркеліп отыруы қажет. Ол қаражатты бақылауда ұстауға, отбасылық бюджетке қатысты проблеманы болдырмауға, берекенің болуына және отбасы жағдайының жақсаруына мол әсер етеді.Шығындар өз алдына тұрақты және айнымалы болып қарастырылады. Атауы айтып тұрғандай, тұрақты ол — тұрақты жасайтын шығындар, айнымалы — ол белгілі бір қуанышты немесе қайғылы жағдай болған кезде немесе өмір болғандықтан, күтпеген оқиға салдарынан жасайтын шығындар.
Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймағының бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Ақмола облыстарының жері толықтай, бұрынғы Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.