1.Баты-тілі көркем ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз
2.Батаның түрлері бар. Ас батасы асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған
соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы үш күнгі
ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққанда
беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан
бата алады. Тілек-бата үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын
жайып беретін батаның түрі.
3.«Бата адамға күш береді, жолын аша-
ды, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.
4.
ответ:
кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. білімсіздің күні қараң. көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз отанын жолында аянбай тер төгеді. қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі әбестік. жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.
бүгінгі жас болашақ қазақстанның жанды бейнесі. жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. қазіргі таңда елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.
объяснение : перевод на ?