Жастайынан сөзге жүйрік, тілге үйір Мұраттың оқуға ақындыққа деген құштарлығы ерте жаста оянған. Мұрат ер жете келе айтыс өнеріне қарай ойысады. Өз өңірінің даңқты ақындарының бірі болады. Жас ақынның қызбалығынан Мұрат ойын –сауық кештеріне жиі бас сұғып, көптеген айтыс аламанына түсіп, жеңіп отырған. Оның барлығы жас ақынның атақ-абыройына салмақ қосып, оған қосымша бедел әкеледі. Ақын мұнымен шектелмей ой-өрісі мен білімін артыру мақсатында ел мен жер тарихы жайлы, рулардың шежіресі жөнінде көрген-естігендерін миына құйып, есте сақтап отырған. Тап осы кезден бастап Мұрат Мөңкеұлы жұрт өнегесіне таңба болып басылған келеңсіз жайттарды ел ішіне қанықтыра бастайды.
Мұрат Мөңкеұлы отаршылдық заманында қазақ жұртының қаналып, әбден қажыған сәтінде елдің жарасын жамап, қарапайым халықты өлең-жырларымен рухтандырып отырған. Ел тәуелсіздігін аңсап, халықтың бүгіні мен кешегі күндерін салыстыра жырлаған. Халықты бірлікке шақырып, ел үшін күресуді талап еткен. Қазақ батырларын қолға қару алып, жаудың бетін қайтаруға әрдайым өткір ұрандар тастаған. Түрлі саяси науқандардың тұсында зар заман ағымына әр қилы толғаулар айтады. Мұрат ақының «Үш қиян» шығармасында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі қара өлеңде айқара көрсетіліп баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ашына сөз етеді. Өлеңдерінде жүректе қалған мұңның тап қазір болып жатқан сықылды етіп, жұртты тебірентпей қоймаған. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұраның бытшыты шыққанын жазған.
Мұрат ақынның заман шындығын зарлай жырлаған әдеби мұрасы зар заман аталды. Сондықтан да Мұрат Мөңкеұлы Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы секілді ақындармен терезесі тең келіп XIX-дың зар заман ақыны атанған болатын.
Шопан қора-қора қойымен өрістен қайтып келеді. Екеуі бетпе-бет келгенде ашылып сөйлесе алмады. Кезек-кезек келген қонақтарды қарсы алдық. Ата-ана берген тәрбиенің маңызы зор. Бұл атаны үлкен-кішінің бәрі құрметтейді. Азды-көпті білгенінің бәрін үйретті. Тойға ағайын-туғанның бәрі келді. Оны дос-жарандары үнемі қолдап жүреді. Ағылшын тілінде жап-жақсы сөйлейді екен. Әп-әдемі салынған сурет бәріне ұнады. Қаламызда үп-үлкен ғимараттар бой көтерген. Сарт-сұрт еткен дыбыстан шошып кетті. Қар жерде жылт-жылт етеді.
1. Ол қора-қора малы бар асқан дәулетті болмаса да, төрт түлігі сай, елге сыйлы адам еді. 2. Маңызды әңгімені телефон арқылы жеткізгеннен гөрі, бетпе-бет айтқан жөн. 3. Ақсақалдың үйіне балалары із суытпай кезек-кезек келіп тұрады екен. 4. "Ата-анаңды өзің балалы болғанда барып түсінесің",- деп жатады үлкендер. 5. Айдос кеш те болса арманын іске асыру үшін жап-жақсы жұмысын тастап Астанаға жол тартты. 6. Адасып келе жатқан Еркіннің алдынан қолында шелегі бар әп-әдемі қыз шыға келді. 7. Сарт-сұрт еткен дыбыстан шошып оянған Ажар үстіне күртесін кие салып, есікке қарай беттеді. 8. Өзен жағасында ойнап жүрген Қаламқас судың ішінен жылт-жылт еткен әлденені байқады. 9. Алмас дос-жаранынан көмегін аяған емес.