М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
egormatkarimov
egormatkarimov
04.02.2022 01:41 •  Қазақ тiлi

Түсіндірме сөздікті немесе kitap.kz сайтын пайдаланып, төмендегі сөздердің
мағынасын анықта.
Сауға, қол үзбеу, томаға, көштен қалмау,
Олжа
перевод с поеснением ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
мир276
мир276
04.02.2022

Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады: Қымбат маған елімнің бар даласы, Балтық пенен Сахалиннің арасы. Қайда болсам қиям оған жанымды, Туған жерден қазсын бірақ қабірді. Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.

4,7(95 оценок)
Ответ:
576474811624
576474811624
04.02.2022
Қазақстан  өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. бұл жер қыртысының геологиялық құрылысы мен ерекшеліктеріне байланысты. тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және  метаморфизм  (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты  тау
жыныстарының  құрылымында, минералдық және қ құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қ түзеді.пайдалы қ  деп, қазіргі техниканың деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. әдетте, таулы
аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қ кені көптеп кездеседі.ал шөгінді түріндегі пайдалы қ (мұнай,  газ,  көмір,  уран  және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге
болады.1919—1923 жылдардың өзінде қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. содан бері  қазақстанда  геологиялық пайдалы кендер  ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.қазақстанда  аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі
дерлік бар. еліміздің жер койнауынан  менделеев кестесіндегі  105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қ кен орындары ашылған.  энергетика және минералдык ресурстар министрлігі  мамандарының мәліметі бойынша (2007)
республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. қазақстан  еуразияконтинентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец
қорынан бүкіл  тмд-да басым ел. алтын корынан қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал тмд бойынша ресей мен өзбекстаннан кейінгі 3-орында.  тмд  көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы қазақстанда шоғырланған.пайдалы қазба орындары жанатын,
кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді.жанатын пайдалы қға  мұнай  мен  газ,  көмір,  уран  және т.б. кен орындары жатады.
4,6(24 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ