Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды.
Көшпелілердің ғажайып мұрасы.
Біздің халқымыздың ата-бабамыз о бастан-ақ көшпелілер атанып,мал шаруашылығымен айналысқан еді.Осы орайда олардың бүгінгі күнге аманат еткен рухани және материалдық мұраларына тең келер ештеңе жоқ десек те болады.Ең алдымен,олар бізге мынау кең-байтақ қазақ даласын үлкен маңдай термен қазына етіп қалдырды.Одан кейін сол заманға сай жасалынған киіз үй,ер тұрман,ат әбзелдері,ыдыс-аяқ,жиһаздар біз үшін көненің көзіндей.Ал балбал тастардағы көне түрік жазулары бізге сол дәуірдің бейнесін жеткізеді.Оған қоса Махмұд Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрік", Жүсіп Баласағүнидің "Құтты білік", Қожа Ахмет Йасауидің "Диуани хикмет" және т.б секілді ғұламаларымыздың шығармалары баға жетпес асыл мұраларымыздың бірі.
Өзің білмейтін саңырауқұлақтар мен жидектерді теріп жеуге болмайды.
Бұл тапсырмада тек сөйлемді орнына дұрыс қойып жазу керек.