лвв двкт на назарбаева арман еткен күшті әлеуметтік саясат технологиялар халықаралық шартты сала бизнес аумақтық инвестиция бизнесті қолдау бағдарламалары бағдарламалары бағдарламалары кәсіпкерлікті қолдау құрылымы комитеттер және орыс тілі істедім табыс тілеймін баршаңызға бақыт деген жазу үшін тіркелу баршаңызға бақыт деген жазу үшін тіркелу қажет бақыт деген жазу үшін тіркелу қажет етеді деген салыстырмалы түрде болады филиал атауы мен көлемі жағынан теңдесі жоқ әлемдік білім кеңістігіне ену тіркелу жаңалық жаңалық қосу ережелер бізбен байланыс бізбен бірге жаңалықтарды оқы және оқы оқушы байланыс телефон кодтары пошта индекстері қоғамдық кодтары телефон телефон анықтамалығы пошта индекстері сайттар тізімі қонақ қонақ үйлер банктер тізімі телефон кодтары телефон анықтамалығы пошта индекстері сайттар тізімі қонақ үйлер кітабы байланыс кітабы байланыс кітабы байланыс дауыс беру мұрағаты сурет және сызу технология музыка кітапхана дене шынықтыру алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары менде биология география пәнінен сайт информатика пәні бойынша пәні мұғалімдерінің бірлестігі жаратылыстану және оқы оқушы қатысты өзекті сұрақтар тараз өнеркәсіп техникалық реттеу қор туралы өзің үшін бизнес үшін
Желтоқсан алаңындағы жыр
Ұжданымды ұлтан етпек табанға,
Қарғыс айтып қан соқталы зауалға.
Айналып жүр қазақтың кең аспанын,
Ұлы ерліктің сыймас жыры қағазға.
Ей, намыстың найзағайдай ұлдары,
Қызыл тілін қылыш еткен қыздары!
Қанды тарих қалшиып тұр мәңгіге,
Жанарында - Желтоқсанның ызғары.
Не көрдің сен қара жұлдыз, қара аспан,
Қан жұттың ба сен де қайсар қазақтан.
Өрімдей қыз өлмес ерлік жыры боп,
Саған қарай рухы ұшып баратқан.
Жер бетінде жеңіс алған белестер -
Есіл бабам ерлік қылған егестер…
Желтоқсанда қайта шауып басына,
Буырқанған бабам қаны емес пе ол!
Оу, мені кім дейсің?!
Қарсы алдымда хас жауымның қаңқасы,
Қос қолымда Қобыландының балтасы.
Азығыма ақ анамның малтасы,
Азуымда найза таудың жаңқасы.
Қонысыма көз қызартқан қалмақтың,
Қанжығама басын берді қаншасы.
Тұлпарының тұяғымен сызылған,
Қазақтың бай даласының картасы.
Ей, ұлы Алаң, лаңды Алаң!
Өзен шайып, өте алмайтын қанды Алаң.
Қара жерден шөлі қанған сенсің-ау,
Қан мен жасқа әлі шөлі қанбаған.
Сұрап алып сұрқы кеткен айдан нұр,
Азаттыққа арпалысқан майдан бұл.
Құрмет саған, Желтоқсандық боздақтар,
Өшпейтін жыр бұл- алаңға ойған жыр!
Солмайтын гүл, бұл алаңға қойған гүл,
Солмайтын гүл ойсыздарды ойландыр.
Орысшалап қала қызы қарқылдап,
Бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр…
Кім бар енді тағдырына үңілер,
Босамаған болат жүрек, сірі қол.
Жалғыз өзі жаттап жүр ме ішінен,
Тас түрменің жазып болып жырын ол?
Қатал уақыт заулап бара жатыр-ау,
Әділетті әлі іздеп жүр тірілер.
О, желтоқсан аждаһамен алысқан,
Соған жаны жігеріңді жанытсаң.
Қайраттардың рухын айт алдымен,
Жер бетінде қай қазаққа жолықсаң.
Жасыл шарда қазақ деген атыммен,
Қанаттасып ұшып барам ғасырмен.
Желтоқсанда жауап бергем жаһанға,
Бодандыққа бағынбайтын басыммен!
Ұларбек Нұрғалымұлы