Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. Етістіктің түбірі бұйрық райдың жекеше анайы II жақ тұлғасымен сәйкес келеді.
Мысалы: кел-ді — сен кел, бер-ген-біз — сен бер т. б. Бірақ бұл екеуі бір емес, Етістік шақ, рай т. б. тұлғаларда жұмсалғанда, оның түбіріңде бұйрықтық мағына болмайды. Мысалы: (мен) ойна-сам, (ол) көр-іпті, (сен) айт-қансың т. б.
О, ғаламдағы ақыл иелері, мен бүгін сендерге өзім туралы айтқым келеді. Мен де сендер сияқты тіршілік иесімін. Мен адаммын, яғни Жаратушымыздың өзге тіршілік иелерінен артық жаратқан бір туындысымын. Мен адам болғаным үшін де, Өзіңе қарыздармын,- деймін мен Жаратушымызға. Біз өзіміз өмір сүріп отырған ортаны, яғни жерімізді, суымызды, ауамызды, жалпы барлық қоршаған ортамызды аялайық, қиянат жасамайық дегім келеді. Мен осы дүниенің кішкене бір бөлшегімін. Қаншама кішкене болсам да үлкен істер атқарғым келеді, адамзаттың жарқын болашағы үшін, өзімнен кейінгі ұрпақ үшін.
Болымды етістік