3-тапсырма. «Дербес пікір жазу» тәсілін қолданып, өлеңдердің мазмү- ны бойынша пікірлеріңді жаз (уақыт мөлшері: 7-8 минут). 1. Өзіндік пікір (идея) - бір сөйлем. 2. Дәлел екі сөйлеммен келтіру керек. 3. Өз пікірін дәлелдейтін мысал екі сөйлем. 4. Өз пікіріне қарсы пікір – бір сөйлем. 5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал - екі сөйлемнен тұру керек. 6. Қорытынды екі сөйлемнен тұрады.
Бұл тойға ауыл-аймақ толық шақырылды. Тойға көрші-көлемде бала-шағаларымен қатысты. Дастархан басына үлкен-кіші аралас жайғасты. Бұлардың барлығы кәрі-жасы бірімен-бірі сыйласып, аралас-құралас болып кеткен. Қонақтар үйді-үйге орналастырылды. Алыстан келген ағайын- туған көршілердің қарым-қатынасына риза болды. Тойдың жақсы өтуіне ата-ана мол еңбек сіңірді. Олар қонаққа қандай сый-құрмет көрсету қажет екенін алдын-ала ескертті. Дәстүр-салт, халық арасындағы әдет-ғұрып толығымен сақталды. Той жарасымды, тату-тәтті, ың-шыңсыз жақсы өтті.