Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда қазіргі Ордабасы ауданындағы "Бөген" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды. Ташкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі болды (1927 - 30 жылдары). 1939 жылы Өзбекстан Жазушылар Одағы жанынан құрылған қазақ секциясын басқарды. 1931 жылы өлкелік партия комитетінің шақыруымен Алматыға ауысады. ҚазПИ - де профессор міндетін атқарады. Кейін Қазақ мемлекеттік ба бөлім меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті", "Әдебиет майданы", "Жұлдыз" газет - журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторы (1935 - 37 жылы) болды. Саяси қуғын - сүргінге ұшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Өмірінің соңғы жылдары "Жазушы" ба бөлім меңгерушісі кызметін атқарған. Тұңғыш жинағы "Таң өлеңдері" (1925 жыл) Мәскеуден шықты. 1937 жылы - "Қошан кедей", 1929 жылы - "Таң сыры" т. б. 40 - тан аса кітаптың авторы. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л. Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. "Қазақтың мақал - мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө. Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ө. Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.
Мәскеудегі Шығыс жастарының коммунистік университетін бітірген (1927).
1927 – 1978 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, даярлық курстың және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1927 – 1930)
Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы қазақ секциясының басшысы (1929)
ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) профессоры
Қазақ мемлекеттік ба бөлім меңгерушісі
“Қазақ әдебиеті” газетінде редактордың орынбасары.
“Әдебиет майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында редактордың орынбасары, редактор (1935 – 37)
“Жазушы” ба бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған
Объяснение:
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Объяснение:
Осы матинде бар