Күрделі сөздерді анықтаңыз ТМД,АҚШ,км Орал қаласы, ұзын бойлы, мәдениет сарайы Еш көре-көре, көзбе-көз, үлкен-кіші тасрака, Актау, аққу желді, кешкі, білім үйшік, кекшіл, ананың
Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.
Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.
Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.
Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.
Бар бояуы мезгілдің қаныққанда, Табиғатты өзіңдей жан ұққанба? Дір-дір етіп қалтырап, жапырақта, Қамыққанда, әр күні жарық таңда. Сарғыш түске боялып, атырап бар. Сытырлайды сыр тартып, жапырақтар. Таңғажайып табиғат алмасуын, Суретшінің көзімен бақылап қал. Қарашы, күрең қабақ күзге мынау, Қынадай қалындапты түзде мынау. Боз бұта, қызыл қурай сылдыр қағып, Жарыса, соғылғандай жүз қоңырау. Қапталған қалың көштей қара ала бұлт, Шығысқа жер бауырлап, барады ауып. Қайтарда мұңлы шыққан қаз қанқылы, Құлақта ғұмыр бойы қалары анық. Та төңірекке қарадым мен. Селдір бақ сыбдырлайды баяу үнмен. Сары ала қазыдай боп жатқан күзді. Басуға батпай тұрмын аяғыммен.
Қазақтың ұлттық қолөнері.