9-мамыр Ұлы Отан соғысындағы Кеңес Одағының жеңіске жеткен күні.
Бұл соғысқа әрбір отбасынан әкелер, ағалар, апайлар қатысты. Олардың кейбірі оралса, кейбірі майданда қаза болды. Сұрапыл соғыстың зардабын ұмытпау үшін, қаза болғандарды еске алу үшін, ардагерлерге құрмет көрсету үшін жыл сайын орталық алаңда Жеңіс күніне арналған шеру өтеді.
Міне, бүгін де сондай салтанатты мереке қаламызда өтуде. Ардагерлеріміз іс-шараның құрметті қонақтары болып төрде отыр. Олардың кеуделері орденге толы, құшақтары гүлге толы.
"Мәңгілік алау" маңында соғыста қаза болғандарды еске алу митингісі өткізіледі. Ардагерлер мен мектеп оқушылары "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қояды. Қарт сарбаздардың көзіне жас келіп, жастық шақтарын еске алды.
Объяснение:
Қазақшасы:
Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды.
Орысшасы:
Красная книга - Международная книга Красного Креста является документом международного стандарта. Красная книга - это редкий, круглогодичный исчезающий или исчезающий вид, поэтому существуют виды животных и растений, которые нуждаются в особой защите. Вопрос о защите животных на международном уровне был взят в начале 20 века. 1902. Впервые в Париже была подписана Международная конвенция по охране птиц. 1948. Международный союз охраны природы был организован ЮНЕСКО.
Менің ойымша, сүйіспеншілік – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау.
Cүйіспеншілік бар адамға тән деп есептеймін.
Себебі, сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі, сүйіспеншілік дегеніміз – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан.
Мұндай көңілі көктем, жайдары жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.