Қалалар бірден бой көтермейді. Оның құрылуы үшін ондаған, жүздеген, мыңдаған жылдар қажет. Сырт келбетін өзгертіп, уақыт талабына сәйкес дамиды. Әр ұрпақ оның жылнамасына өз үлестерін қосып, болашақты болжайды...
Астананың тұңғыш мерейтойы да он жылдықтармен емес, керісінше, ғасырлар бойғы ауыр сынақтар, үлкен жетістіктер, есте қалатын оқиғалармен өлшенетін өзіндік күрделі тарихқа бай.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімі қаламыздың тарихын түбегейлі өзгертіп жіберді. Кеңес Одағы ыдырап, елдің бәрі жұмыссыз қалып, ел енді ғана еңсесін көтере бастаған тұста бұл шешім үлкен сынға ұшырады.
Алайда, алғашқы он жылдың өзі осы шешімнің арқасында Қазақстан картасында бүкіл әлем тамсанатын, еліміз боп мақтанатын қаланың пайда болғанын көрсетті.
Қазақстанның жаңа астанасы бейнесінде саяси, рухани және пәлсапалық мән жатыр. Бұл - жай ғана мегополис емес. Бұл – мемлекетіміздің қайта жаңғыруы. Астана қазақстандықтардың арманы, мақсаты, болашағы мен үміті байланысқан қалаға айналған.
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған.
Асыл тұқымды қара ала сиыр
Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті.[1]