М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
m21pekoy8bso
m21pekoy8bso
07.10.2022 14:27 •  Қазақ тiлi

Спорт денсаулық кепілі деген тақырыпта эссе жаз Талаптар:
нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
белiмнен құралуы шарт;
Тақырыптан ауытқымаған дұрыс
тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет:
емірмен байланысты болуы тиіс
өзіндік тың пікірлер келтіру керек
баяндау стилі нақты болуы шарт.
. неріктеуіш тілдік құралдар мен сан есімдерді, құрмалас
сөйлемдерді ұтымды қолдану қажет:
• келемі - 100-150 сез.
кто нибуть

👇
Ответ:
pomogitejaslomalsya
pomogitejaslomalsya
07.10.2022

Спорт – денсаулық кепілі.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Бүгінгі таңда елімізде үлкен ағалардан кішкентай балаларға дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті – оқушылардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу - тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады.

Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жұту, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу, мектеп ауласында, ауыл шаруашылығында еңбек ету), қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады.

Оқушының сабаққа дайындалатын жұмыс орны таза, бөлмесінің ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық талапқа сай болу керек.

«Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.»

Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.

Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін.

Қазақ халқы « тәрбие басы - тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Жат әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал одан кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру.

4,7(56 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
yuliya19999
yuliya19999
07.10.2022
Meniñ süyikti fïlmim - «1 + 1».

Ol dramanıñ janrı. Ol jüre almaytın adam twralı aytadı. Olar onı kütwşi dep sanaydı. Olar jigit, qara teri. Öz mindetterinde ol adamnan erip, oğan kömektesedi, jwadı jäne t.b. Waqıt öte kele olar ortaq til tabadı. Fïlmniñ soñında jigit osı qızdı tabadı. Fïlm öte äserli, men onı qattı unadı. Men onı birneşe ret kördim. Fïlm öte qızıqtı. Sezimder özderinen şığadı. Olardı basqara almaysız.

перевод: Мой любимый фильм «1 + 1».

Он жанра драма. Там рассказывается о мужчине, который не может ходить. Ему находят няньку. Им оказывается парень, черного цвета кожи. В его обязанности входит следит за мужчиной ему, купать его и т.д. Со временем они находят общий язык. В конце фильма, парень находит девушку, этому мужчине. Фильм очень трогательный и мне он очень понравился. Я его ещё ни раз смотрел. Фильм очень захватывающий. Чувства выходят наружу сами. Ты не можешь их контролировать
4,6(40 оценок)
Ответ:
DarkneSS341
DarkneSS341
07.10.2022
Әртүрлі фильмдер, сериясы, бағдарламалар шын мәнінде біздің өміріміздің бөлшегіне айналды. - Сүйікті фильмді таңдау өте қиын комедия, боевик, драма, қасіретін фильмдер, детектив, тарихи фильмдер: жанрда үлкен алуан арасында. Мен шынында комедия көруге ұнайды. Қазіргі уақытта, алайда, жақсы комедия дерлік жоқ. Мен әрқашан Zh.Reno, Г. Депардье, P.Resharom Француз фильмдер ойладың, сондықтан ол менің сүйікті фильм француздық комедия екенін ешқандай тосын болып табылады «жатжерлік». Сонымен қатар, бағдар комедия Бұл шын мәнінде өте күлкілі және оң фильм. тамаша таңдаған актерлер, бұл кейіпкерлердің орнына басқа біреуді елестету мүмкін емес, сондықтан олар сенімді, оның кейіпкерлердің таңбаларды және әдеттер жiбередi. Бұл фильм, бірақ кез келген басқа да қазіргі заманғы комедия соққы отырып, 1993 жылы бостандыққа шықты
4,8(68 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ