Прекрасная пора зима. Мне кажется, что зимой происходят чудеса со мной. Падает снег, замерзают реки и нет тех зеленых листьев на деревьях. Праздников много, именно зимой, такие запоминающиеся в моей памяти. Да и звери какие-то тихие... Меньше людей я вижу на улице, только дым из дымоходов идет. Холода зимой наступают, морозы... Все наряжают елочку с семьей, готовятся к праздникам. Всех близких к Новому Году приглашают, отметить хотят. Гирлянды ночью на домах как-то необыкновенно сияют, сверкают огнями различными. Природа сказочная...Небеса сыпят маленькие снежинки. Декабрь, Январь и Февраль - месяцы зимние. Люблю зиму. Она - волшебница
2.1997 ең алғашқы жолдау жарияланған жыл 1. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба. Тағы бір жайт - тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау - дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын. Ақтөбе қаласындағы тұңғыш қазақ гимназиясы қазақ тілін дамытуда ауқымды шаралар өткізе отырып, тіл мәртебесін одан әрі өркендетуге зор міндеттер қойып отыр. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық. Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы – ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық – зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.