Қосарланған қос өздерге мысал:
Қос сөз – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған күрделі сөздер.Қосарлама қос сөз – өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады.Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым,күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш.
Бүгін ата-аналар жиналысы болатынын ұмытып кетпедіңдер ме?
Ол ертелі-кеш ертеңгі емтиханына дайындалып жүрген.
Халқымыздың салт-дәстүрін құрметтей білуіміз қажет.
Мұражайдан көне ер-тоқымды көрдім ғой.
Менің кышкентай інім құрт-құмырсқа көрсе қуанып шыға келеді.
Ол біздің үйге анда-санда ғана келеді.
Анжыр — қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.
Боз қырау — күзгі күні тоңазудан болатын шық.
Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
Жылбысқа қар — ери жауған қар.
Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
Күпсек қар — қалың жауған ұлпа қар.
Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.
Қиыршық қар — жентектелген түйіршік қар.
Қылау — ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.
Қырау — суық күзде тоңазыған дымқыл ауанып бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.
Қырбық қар — жұқа жауған қар.
Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсгі, беті жылтыр сырғанақ қар.
Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.
Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.
Сүрі қар — ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп беті күлгін тартқан нығыз қар.
Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.
Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек
қар.
Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе үйілген қар.
Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.