Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Менің сүйікті төлім.
Маған құлын ұнайды. Құлын - жылқының төлі.
Атам менің туған күніме кішкене құлын сыйлады. Мен өте қатты қуандым, себебі бұл - өте құнды сыйлық. Сонымен қатар, өте үлкен жауапкершілік.
Мен оған ырымдап, Қобыланды батырдың Тайбурылындай жүйрік болсын деп, Тайбурыл деген ат бердім. Менің құлынымның түсі - қоңыр, құлағы - үлкен, жалы - қара, ал құйрығы болса, ұзын. Сонымен қатар, жүйрік жылқының сипатындағыдай, бет әлпеті шығыңқы, маңдайы жазық, дүрдек ерінді. Болашақта менің құлыным нағыз жүйрік болады деп сенемін.
Қазақстан-Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан, табиғи ресурстарға бай ел. 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің отырысында Н.Ә.Назарбаев республикамыздың Президенті лауазымына сайланды. Бір жыл өтті, ел тәуелсіз болды.
Осы оқиғаға дейін Қазақстан Кеңес Одағының бір бөлігі болған, сондықтан Н.Ә.Назарбаев бізде – Тұңғыш Президент.
Осы жылдар ішінде біздің жетекшіміз қанша жұмыс жасады! Мұнай, Алтын, газ сияқты ресурстардың миллиондаған қоры бар базалық ел ғана емес, бүкіл әлемге дәлелдеуге тура келді. Біздің рухани мұрамызды, мәдениетімізді қайта түлетуіміз қажет, Отанымыз өзінің түп-тамырымен нығайып, шынығып, елімізді көтеріп, өсіп келе жатқан адамдар болашаққа сеніммен қарай алуы үшін керек болды.