ответ:1.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.
2.Ойынға тиын алынады. Немесе тиынның орнына кез келген қорғасын, металл, пластинкалар алуға болады, содан кейін ұзындығы 6-7см бір уыс жүн алынады, Негізінен ешкінің жүнінен алады, бірақ кез-келген жануардың жүнін де алуға болады. Содан кейін алынған жүн ойыққа кигізіліп, арғы жағынан желімделіп, немесе басқа жолдармен бекітіледі. Сондай-ақ қой,сиыр т.б. хайуанаттардың жүні қырқылмаған терісін 6-7см диаметрде дөңгелектеп кесіп алып, тиынға, қорғасынға немесе металл пластинкаға бекітуге болады.
Объяснение:
Тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімінен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, «Әке ұлағаты» мен «Ана тағылымын» көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін, елінің болашағын, халқының қамын ойлайтын, жоғын жоқтайтын, парасатты, ой-өрісі кең, дүниетанымы жоғары, жан-жақты, білімді де білікті, ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасында бір-бірін түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына, көзқарастары мен мақсаттарының бірлігіне байланысты.Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек.
1 тапсырма
1)дұрыс
2)дұрыс емес
3)дұрыс
4)дұрыс
5)дұрыс емес.
2 тапсырма
Менің ойымша Зифгрид Вагнер деп айта алмаған Ахмет ата, оны қазақша етіп Зекен деп атап кеткен. Есімінің өзі қазақша болса, онда қазақ ұлтына сіңіп кетуі тез болатын еді.
3 тапсырма
Мен өткен аптада Қазақстанның көрікті табиғатының бірі Әнші құм деп аталып кеткен ерекше жерге саяхаттадым. Әнші құм деп аталуының өз сыры бар. Бұл жерде желдің әсерінен әдемі әуен шығады. Кейде сол жердің құмы өз түрін өзгертеді деседе болады. Мен секілді жас туристер бұл жерге әдемі әуенді есту үшін әдейі келеді.
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады