ЖАЗЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ 4 -тапсырма. «Қазақстан – достық пен татулық мекені» тақырыбында по- стер жаса. Тақырып бойынша алған біліміңді, меңгерген жаңа сөздерді пайдалан. Шартты рай формасындағы етістіктерді қолдан.
Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1] Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.
Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең ашылады, Денеңде бар дертінді қашырады. Өксіген оттай жанып жануарлар Өзеннен рақат тауып басылады. Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да Шуылдап желмен бірге бас ұрады... Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды, Тасыса су бармаған сай қалмайды. Тасыған өзен судың қуатымен Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды. Ел қыстап күн көреді жаныбында, Дәм болар алуан - алуан балығында... Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында. Құдіретін құдайымның көресін бе? Не нәжіс тоқтар өзен денесінде... Арыстан демалуға суға кірсе, Балықтар шымшып ойнар терісіне..