Қыпшақ Сейітқұл Маманұлы (18 ғасырдың 70-жылдары, Сыр бойы — 19 ғасырдың 30-жылдары, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарабидайық мекені) — есімі аңызға айналған егінші. Орта жүздегі бес таңбалы қыпшақтың торы бірлестігінен тарайтын жеті арыс қитаба руынан шыққан. Сыр бойындағы иеліктері егін шаруашылығына тарлық ете бастаған соң Торғай өңіріне келіп, Қабырға өзені бойындағы Қарақоға деген жерге тұрақтаған. Өзен жағалауына шығыр орнатып, аяқ егін, атпа егін әдістерін пайдаланып, өзеннен арықтар тартып, бөгендер салып, суармалы егіншілікті қолға алған. Диқанның бұл еңбегі жемісті болып, 5 — 6 жылдың ішінде алғаш келіп қоныстанған 12 үй 400-ге жеткен. Қыпшақ Сейітқұлдың аса шығымды ақ тарысының тұқымы кейін бүкіл Торғай, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қарқаралы өңірлеріне тарады. Диқанның барымташылардан сақтану үшін тұрғызған дуалы мен су тартқан арықтарының қалдықтары Көкалаат, Қызылоба, Қарақоға деген алқаптарда әлі күнге дейін сақталған. Қыпшақ Сейітқұл асқан шебер, сөзге шешен адам болған. Мұраптың егіншілік дәстүрін халық арасына кең таратып, насихаттау үшін ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин “Қыпшақ Сейітқұл” деген әңгіме жазып, оқулығына енгізген.
Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты.
Азаматтардың басым көпшілігі өз құқығын жете білмесе де, оны білуге аса қызығушылық танытпауда.Заман ағымына сай заңдар жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұрады. Адамдар да осы ағымнан қалмай, қатар жүруге үйренуі тиіс. Себебі, біздің өз құқығымыз бен заңды жетік білуімізден жауапкершілігіміз туындайды. Әрине, барлық адамның заң баптарын жаңылмай айта алуы шарт емес. Десек те, адамның өмірі мен қызметіне қатысты құқықтық-заңдық сауаттылығының тым төмен болуы оны талай бас ауыртар мәселемен бетпе-бет жүздестіруі мүмкін.
Алтын адам – Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық қазба. Есік қаласында табылған сақ жауынгері, біздің еліміздің басты символына айналды.
Бұл адамның жасы – 16-18, ал бойы – 165 см болған. Табылған қорған – ерте темір дәуіріне (б.з.б. VII–III ғасыр) жатады. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жерлерде сақ тайпалары өмір сүрген. Зиратта 4000-нан астам алтын заттар, қылыш, қыштан жасалған 31 ыдыс, күміс табақтар, ағаш қасық, қола айна болды.
Оның бас киімінде төрт жебе бар, бұл әлемнің төрт жағын және ол адам, билеуші әулетке жататындығын білдіреді.
Елімізде қанша "Алтын адам" табылған?
Қазақстанда төртінші "Алтын адам" табылды. Ол - Батыс Қазақстан облысында жерленген сармат дәуіріндегі көшбасшының сүйегі екені анықталды. Ал бұған дейін Қазақстан аумағынан үш "Алтын адам" табылғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Олар Алматы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарынан табылған.
Я сама это писала, тоже самое писала