Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.
Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.
Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.
Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі- ұсақты көлдер пайда болған.
Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып калған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктер мен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.
1. -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: ал-ған, көр-ген, берме-ген, айт-қан, көрсет-кен, жүргіз-ген т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін -ған жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады. 2. -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, айт-ар, сөйле-р, жургіз-ер, берме-с, көрме-с, айтпа-с т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен сөзге -р, болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады. 3. -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар-мақ, кел-мек, қара-мақ, сен-бек, жаз-бақ, кет-пек, жарат-пақ т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у, й) болса, жуан буыннан кейін -мақ, жіңішке буыннан кейін -мек жалғанады. Сөздің соңгы дыбысы мұрын жолды үңді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ, жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады. Ескерту: Бұл жұрнак етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды. 4. -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы өткен шак есімше жасалады: бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -йтын, жіңішке буыннан кейін -йтін жалғанады. Бұл жұрнақ — кұранды қосымша, -тын, -тін, бөлегі тұрған деген көмекші етістік болған да, ол — -а, -ө, -й тұлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, бара-бара косымшаға айналып кеткен: бар-атын деген сөз, о баста бара тұрған болған да, кейін баратұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен. Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздык мағына беріледі: барған емес, барар емес, бармақ емес, жоқ сөзі -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі: барған жок.
Түс./сон/ --Мен бүгін жақсы түс көрдім.- түс /цвет/--Көк түс бірліктің белгісі. түс /полдень./--Түс мезгілі болды, біз тамақ іштік., жүз / сто/ --Менде жүз теңге бар. жүз /облик, лицо/--Суретте әдемі жүз бейнеленген. жүз /одно из казахских племен/ --Батырлық жүз жеңді. ат /лошадь /. Қорада күрең ат тұр. ат /стреляй/ Арман, қасқырды ат, қашып кетеді. ат / имя/ Менің атым Айжан. күн /солнце/.Күн шықты, әдемі көбелектер ұшып жүр. күн ара /через день/ Мен гүлдерге күн ара су құямын. көз /глаз / Майраның көздері әдемі. көз /ушко иголки/. Мен жіппен иненің көзін сабақтадым. көз /источник родника /. Бұлақ көрсең -көзін аш -деген мақал бар.
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы