1 ЖАУАП  +2 дауыс Жақсы Жауап Шығарма тақырыбы туралы ақпараттар тауып берейін. Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Өмірбаяны Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Қайырымдылық, адамзат бойындағы асыл қасиет. Ол кез келген адамнан табыла бермейді. Біреуге қайырымдылық жасасаң ол өзіңе әйтеуір бір күні қайтып оралады. Мен сіздерге бір кесе сүт туралы айтып бергім келеді. Бір кішкене бала анасы қатты ауырып, өзі тамақ табу үшін қолынан келген шаруаларын атқарып жүреді. Бір күні қатты шаршап, бір жұтым су болса,- деп армандайды. Сол оймен жақын жердегі есікті қағады, есікті ашқан жас әйелден ішетін су сұрайды, әйел бір кесе сүт әкеліп береді. Бала рахмет білдіреді. Арада жылдар өтеді, жас бала атақты дәрігер болады. Ауруханада ауыр науқасты әйел түседі. Дәрігер бір кездегі өзіне сүт берген кісін таниды. Науқас жазылғанда ем ақысы туралы қағаз ұсынылады, онда ем ақысы бір кесе сүтпен өтелген,- деген сөзді оқиды. Міне, жақсылық ешқашан ескерусіз қалмайды. Жақсылық жасауға, қайырымдылық көрсетуге ұмтылайық ағайын.