Объяснение:
«Отанды сүю – өркениеттің белгісі»,- деп елбасымыз айтқандай Отанымызды сүюіміз қажет. Туған жерім,құтты мекенім – Қазақстан болып табылады.Қазақстан – дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекеттер қатарында. Ол дүниежүзінде үлкендігі бойынша тоғызыншы орында. Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Жалпы айтқанда, туған жер адамның болашағы мен өткенін байланыстырады. Міне, сондықтан да, тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әр біріміз үшін «Отан
– отбасыдан басталады». Отбасымыздан қандай тәлім-тәрбие алсақ, болашақта туған жерімізге сондай еңбек етеміз. Қазақтар даналарында асыл сөз бар ғой: «Иесі жоқ жер жетім» демекші елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым шексіз. Ол – Қазақстан елінің басшысы, қамқоршысы болып табылады.
А туылған кезде, кіндік қаны тамған жеріне бауыр басып қалады. Әр адамның өз туған жері болады. Сол туған жерін мәпелемесе, құрметтемесе. Оны ешкім құрметтемейді.Сондықтан Қазақстан жеріндегі әрбір азамат өз Отанын , ұлттық құндылықтарын сүюі қажет деп ойлаймын.
«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата – бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге , көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туылып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Қазіргі кезде Қазақстан елі – тәуелсіз, кең байтақ ел. Қазақстанның туы, елтаңбасы, ұлттық әнұраны және мемлекеттік тілі бар. «Отаныды сүйсең , өркениетің артады» деп ойлаймын. Біз өзіміз жаңа шыңдарға шығып, елімізді қадірлейік!
Туған жер – ыстық мекенім болып табылады. Себебі, сен өз туған жерінде, сүйікті мекеніңде ғана өзіңді еркін, әрі жақсы сезіне аласың. Жалпы туған жер адамға ыстық болып келеді. Мәселен, «Отан – оттан да ыстық» деген дана халқымыз а ң жүрегінде ең біріші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды , ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды , туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар , татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер және т.б. еңбектенуде. Бұл қазақ жерінің жомарттылығын, осындай ақкөңілдігін байқауға болыды. Сондықтан, татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы болып табылады.
Менің өз көкейімнен шыққан сөздерімді жаза кетсем:
«Естен шықпас туған елім, Тағдыр қайда апарса да, Қымбат болар өскен жерім, Ақыр заман болса да»,
- демекші, Отаным – Қазақстан мен үшін өте киелі , қымбат, бағалы, ыстық болып табылады. Мен өз қазақ елімді құрмет тұтып, мәпелеймін . Қайда жүрсек те , туған елімізді ұмытпауымыз керек. Жалпы айтқанда, туған елім – ыстық мекенім.
Менің туған жерім – Қазақстан. Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жеріә өте кеңбайтақ болып келеді. Дүниежүзінде үлкендігі бойынша тоғызыншы орында. Қазақстан жерінде қаншама даналар , дарынды адамдар туып өскен , өзінің іздерін қалдырған. Мен мақтанышпен Қзақстанды «ұлы жер» деп атай аламын. Өйткені , Қазақстан – жоғарыда айтып кеткендей өте жомарт, кең , үлкен, қазыналы , дара жер. Қазақстанның осындай ұлы болуына септігін тизізген – елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы. Ол шет елдермен бейбіт қарым-қатынаста , саяси-әлеуметтік теңдікте басқарып отыр.
Жақын арада Қазақстаннның тәуелсіздік алғанына 25 жыл болады. Яғни, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған еді.
«Сұлу жерлер көп те шығар,
Сенен көркі озатын,
Көңілімнің құшы қонар
Жер жоқ сенен асатын»,
- дей келе Қазақстаннан асатаны ел жоқ деп ойлаймын.
Елім менің – Қазақстан. Қазақ елі көп ұлтты болып келеді. Жүз отыздан астам ұлт өкілі қазақ жерінде мекен етеді. Сонда да Қазақстан тату, бейбіт елдердің бірі.
«Ел іші – алтын бесік» демекші ,өз елін саған өте жылы, туған болып келеді. Менің ойымша әр адам өз туған жүргенде өзін үйіндегідей сезінеді .Сол себепті елімізді мәпелеуіміз қажет. Осыған байланысты ақын – Сұлтан Сартаев айтқандай:
Арым да сен,елім де сен
– Өмірге арқау болатын.
Алыс жолдан шаршап келсем
Құшып мені алатын.
Осы өлеңнің мән-мағынасын қарастырып көрейік. Өте терең. Ата-бабаларымыз айтқандай: « Өз үйім – өлең төсегім» туған елің саған мейірім нұрын шашып, қалай болса да ыстық болып табылады. Өзіміз білетіндей қазақ халқының ұлттық құндылықтары көп. Ең басты құндылықтың бірі – туған тіліміз.
Қорытындылай келе, мен өзімнің туған жерімді, сүйікті мекенімді мақтан етемін. әрқашанда өз туған елімізді сүйіп, мадақтайық. Қазақстан сияқты елдің болашағы зор екеніне сенемін!
лучший ответ дегенди басшы
Болады ма?
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Киелі сандардың түп төркіні қайдан шыққанын және математикалық тілде талданғанын қарастырайық. 3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір – қасиетін біле отырып,әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. 1001 – даңқы шыққан Шехеризада саны.
Мысалы: қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы – құлақ.
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.
Үш қасиет: Өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет.
Үш талғам: Мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат.
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
Үш тәтті: Жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.
Үш қуат: Ақыл, жүрек, тіл.
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл.
Жеті санының дүниежүзілік дәстүрде өте жиі, тұрақты да орнықты болып кездесетіндігін білеміз.
Жеті саны – қазақ үшін де киелі.
7 санына байланысты жеті жұт немесе жұт-жеті ағайынды. Олар – құрғақшылық, жұт (малдың қырылуы), өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
Жеті қазына – ұрпақ жалғасы деп көрсетіледі еңбегінде. Сонымен қатар жеті жетім, жеті шәріп, жеті ата ұғымдарын түсіндіру студенттердің ой-өрісін, танымын кеңейтеді.
Жеті күн: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті амал: Тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдың тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы.
Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы.
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
Тоғыз саны – әлдебіртолықтылықты, кемелділікті, түгелділікті білдіреді.
Қырық – көп жағдайда кез келген өлшемнің (уақыттың, кеңістіктің) ең шеткі, ең соңғы межесі, шебі, шекарасы. «Қырық» сөзі абак таңбадағы шеңбер сызығын білдірген. Сандық көрсеткіш бойынша берсек, 40 дегеніміз-кіндік нүкте. 40 санына байланысты қазақ халқының «қырқынан шығару», «қырқын беру». Дәстүріне келер болсақ «қырқынан шығару». Қазақта дүниеге келген бала 40 күндік уақыт өткенге дейін «әлі тумаған» болып есептелінеді: яғни, ол-әлі тумаған, ол-әлі өлі, тек 40 күн өтіп, 41-інші күн болғанда ғана ол «ресми түрде» дүниеге келеді. Осы уақыт ішінде нәрестені бөгде адамдарға көрсетпейді (тіл көзден сақтайды). Қырқынан шыққан соң арнайы жоралғы («қырқынан шығару», «ит көйлек») өткізіп, баланы, «өлілер дүниесінің қақпасын күзеткен итке» сыйлық беріп, бұ дүниеге шығарып алады.
Қырқын беру. Өлген адамды жерлегеннен кейін оның «үшін», «жетісін», «қырқын», «жүзін», «жылын» береді. Мұнда көрсетілген сандық көрсеткіштердің әрқайсысы-әлдебір тұтастықтың шекаралары, ал олар бір тізбек бойында қолданылған жағдайда, олардың әрқайсысы әлдебір тұтастықтың ішкі сатылары болып есептеледі. Өлген адамның жаны 40күн бойына бұл дүниеде жүреді де, тек 41-інші күн болғанда ғана, о дүниеге өтеді, яғни, «ит күзеткен қақпадан /көпірден өтеді», «иттің кейпіне енеді», «ит көйлегін қайта киеді».
что за тема,не о чём
Объяснение:
капц что за задание ♀️