М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Zod2141
Zod2141
27.07.2020 19:15 •  Қазақ тiлi

Көшпенділердің тамаша мұрасы туралы дискурс жазу​

👇
Ответ:
poldin04
poldin04
27.07.2020

Біздің халқымыздың ата-бабамыз о бастан-ақ көшпелілер атанып,мал шаруашылығымен айналысқан еді.Осы орайда олардың бүгінгі күнге аманат еткен рухани және материалдық мұраларына тең келер ештеңе жоқ десек те болады.Ең алдымен,олар бізге мынау кең-байтақ қазақ даласын үлкен маңдай термен қазына етіп қалдырды.Одан кейін сол заманға сай жасалынған киіз үй,ер тұрман,ат әбзелдері,ыдыс-аяқ,жиһаздар біз үшін көненің көзіндей.Ал балбал тастардағы көне түрік жазулары бізге сол дәуірдің бейнесін жеткізеді.Оған қоса Махмұд Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрік", Жүсіп Баласағүнидің "Құтты білік", Қожа Ахмет Йасауидің "Диуани хикмет" және т.б секілді ғұламаларымыздың шығармалары баға жетпес асыл мұраларымыздың бірі.

4,5(77 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
KINGOFMATH1
KINGOFMATH1
27.07.2020
Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда анатіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі Қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет танасүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.

ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ.

О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі.

Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тілбіздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.

Анамның тілі – ардақтым менің. Адамның атасы, әкесі мен шешесі сенсің. Сен менің кішкентай кезімде әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірттің. Жел болып кекілімнен сипадың.

Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңде көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім. Сен менің ағам, інім, әпкем, қарындасым, бауырларым болған кезіңде мен сені одан әрмен түсініп, ұғынғым келді. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғанатөгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туғантіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады...
4,4(6 оценок)
Ответ:
Если ты такой выдавливаешь маленький характер гостя,:он радуется қуанбаска, обижается тому, что не обидится,источнику, только виднелся, верить из источника всезаслон нет внешность он. Надменность, твердый, статьмаленький рост чуткость, мягкость, скупость, щедрость,справедливость насилие - все десятое и сайған. Онсильный сильный силен: есть работой одна минута, дотого, как до того, как источник пойдет, дыхнет, сам, темприбавляя слабо: и бөрікпенұрсаң падает. Свято>>говорит из цвета лица и Сұлтан этого гостя <<. Он сказавс вчера ближние характеры, вода ртов уничтожает. 
Please, буду благодарен! (с) Ya.
4,6(32 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ